Техникалық қауіпсіздік және күзгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз!
Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек;
Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады.
Салқын уақытта суға түсуге болмайды.
Орман алабында жабайы жануарлармен кездесіп қалған жағдайда абай болу қажет.
Таныс емес жидектер мен саңырауқұлақтарды тамақ ретінде қолдануға тыйым салынады.
Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: тұмау мен салқын тиудің алдын алу шараларын қолдану.
Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.
Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.
Тікенді, кескіш және шапқыш құралдармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.
Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.
Жазғы уақытта үлкендердің жетегінсіз 23.00, ал қысқы уақытта 22.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.
Әрбір оқушы каникул кезінде өзін-өзі ұстау туралы тәртіп ережесін міндетті түрде білу керек. Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған. Бейтаныс адамдарға есікті ашуға, электр құралдарымен, қауіпті заттармен ойнауға болмайды. Жануарларға жәбір көрсетуге болмайды.
Міндетті түрде ЖЖЕ сақтау қажет! Жолдан дұрыс өту