"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәлімгердің есебі

Сейфуллин ауылының жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгері А.Аушахимованың    2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстарының   есебі 
 
     Тәлімгер өз жұмысында ҚР конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, жалпы білім беретін ұйымдар туралы типтік ережелерді, ҚР Президентінің қаулыларын, ҚР үкіметінің шешімдерін, оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша барлық білім басқарма органдарының шешімдерін, әкімшілік, еңбек және шаруашылық Заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы сақтық ережелер мен нормаларын, сонымен қатар жарғымен және жергілікті заңға сүйенген актілермен (соның ішіндегі қазіргі лауазымдық нұсқау), еңбек келісім-шартты, мектеп директорының бұйрықтарын басшылыққа алды. Мектеп тәлімгері бала құқығы туралы Конвенцияны сақтады. 
     Балалардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестігінің қызметіне жағдай жасады, оқушылардың еріктілік қағидаларының қызметіне, өзіндік,адамгершілік және өз еркі есебіндегі демократизмді бағдарламалауға көмек көрсетті. Балалардың ұйымдары, бірлестігінің формалары мен мазмұнын жаңартуға көмектеседі, өмір талабы мен оқушылардың жас ерекшелігіне сай олардың ұжымдық-шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырды. Жұмыс істейтін балалар мен жастар ұйымдары және бірлестіктері туралы  оқушыларға хабарлау шарттарымен  қамтамасыз етті.  
Тақырыпқа сәйкес өткен жұмыстың көрнекілік рәсімдеуін ұйымдастырды. 
     Мектепте қолайлы жағдай жасады, оқушыларға азаматтық және адамгершілік позицияны көрсетті, мүдделері мен қажеттіліктерін іске асырды, оқушылардың бос уақытын қызықты және пайдалы өткізді. Сенілген оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің қамын ойлады, өртке қарсы сақтық, техника  қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтады. Оқушылардың бостандықтары мен заңды құқықтарын сақтайды. Мектептің Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін, басқа жергілікті заң актілерін сақтады. Осындай ауқымды істердің басы-қасында жүретін аға тәлімгер үнемі ізденіс үстінде болды.
      Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;    танымдық жұмыстарды ынталандыру; балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында аға тәлімгер мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс атқарды.
     Мектеп тәлімгері 2023-2024 оқу жылында «Жас Ұлан» ұйымының  жылдық жоспарын, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен бірлескен жоспарын, мектеп комитетімен бірлескен жоспарын, сынып жетекшілермен бірлескен жоспарын әдістемелік нұсқаулықты негізге ала отырып, жасап шықты. Жылдық жоспардың негізінде айлық, апталық жоспарлар түзілді.
     Мектепте ұйым Ұланбасшысы, мектеп комитетінің мүшелері сайланып, қашықтықтан барынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
      Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы төмендегі 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:
«Руханият»
«Отан»
«Жеті Жарғы» 
«Салауат»
«Экоәлем»
«Еңбек»
«Зерде»
               
                        «Отан» бағыты бойынша атқарылған жұмыстар:
1.09.2023ж  «Мектебім меійрім мекені !» салтанатты жиыны өткізілді.
 
1.09.2023ж «Мектебім меійрім мекені» тақырыбында сынып  сағаттары өткізілді.  
 
6.09.2023ж «Абайлаңыз, балалар!» онкүндігі аясында танымдық сабақтар өткізілді.
 
7.09.2023ж Отбасы күніне орай « Менің бақытты отбасым «    фото коллаж.  
 
7.09.2023.ж. «Тіл халық мұрасы» атты тілдер күні мерекесіне орай «Жарық жұлдыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 09.2023.ж.Денсаулық кұніне орай   Сергітту сәті челленджісі .
 
8.09.23.ж.Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай Тіл халық мурасы мурасы  атты онкүндік.
 
13.09.23.ж. Ауылым  алтын бесігім бастауыш оқушылары арасында байқауы.
 
13.09.23.ж. Төрт төқсан төрт өнер ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында ақындар айтысы байқауының басталуы.
 
14.09.23.ж. «Әркімнің туған тілі туған шеше оған бала міндетті сан мың есе тақырыбында қабырға газеттер сайысы.
 
 
14.09.23ж Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған саяхат сабағы 
 
 
15.09.2023ж «Полиглот» викториналық сайыс.
 
15.09.2023ж Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктін жабылу салтанаты.
 
18.09.2023ж «Тілдер күні» мерекесіне орай сынып сағатында 8-сынып оқушыларының Ана тілім-ардағым атты қабырға газетін жасау сәті.
 
22.09.23ж «Еңбек ер атандырады» еңбек ардагерлерінің еңбегімен таныстыру сынып оқушылары.
 
22.09.23ж Қазақтың қара домбырасының элементтерін түсіндіру, үйрету жұмысынан көріністер «Төрт тоқсан-төрт өнер»
 
26.09.23ж «Қазақтың қара домбырасы» атты сурет салуы 5-сынып оқушылары.
 
 
29.09.23ж Мектеп Президентіне үміткерлері
9-сынып оқушысы: Нұрмаш Аяулым
9-сынып оқушысы: Мәлік Назира
8-сынып оқушысы: Өміртай Баянсұлу
 
 
 
02.10.23ж 1-қазан Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарты бардың-қазынасы мол» атты ісшаралар жоспары аясында ұйымдастырылған «Менің сүйікті әжем» тақырыбында фотоколлаждар.
 
 
04.10.23ж Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарты бардың-қазынасы мол» атты ісшаралар жоспары аясында ұйымдастырылған «Менің сүйікті ата мен әжем» тақырыбында суреттер.
 
 
06.10.23ж Мектебімізде ұстаздар күніне орай "Дублер күні"өткізілді.
 
06.10.23ж Дублер күніне орай 12-сынып оқушыларымен сабақ көрінісі
 
12.10.23ж Мектебімізде "Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау" аясында ата-аналармен кездесу өтті.
 
18.10.23ж Сейфуллин ауылының мәдениет үйінде,ауыл тұрғындарымен және мектеп оқушыларының қатысуымен "Зеренді жұлдыздары" байқауы өтті.Байқауда мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
 
19.10.23ж Мектебімізде "Республика күні" мерекесі аясында қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды
 
20.10.23ж Республика күніне орай"Егемендік-елдің баға жетпес игілгік"пікір сайыс өтті.
 
20.10.23ж Мектеп мұражайына танымдық экскурсия
 
24.10.23ж "Тәуелсіз елім-Қазақстан" атты сынып сағаты 10сынып оқушылары,сынып жетекшісі:Багауиева А.Ш.
 
 
 
 
 
24.10.23ж Республика күні қарсаңында Бірыңғай "ЖасҰлан,Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өтті,галстуктер мен төсбелгілер тағылды.
 
26.10.23ж "Берекелі,мерекелі алтын күз" мерекесі өтті.
1-4сыныптар арасында,жауапты:Дайырбекова Г.Б.
 
30.10.23ж Күзгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспар аясында "Күзгі көрініс" фотоконкурс
 
 
31.10.23ж Күзгі демалыс кезінде 8-11сынып оқушыларымен волейбол ойыны жүргізілді.
 
 
08.11.23ж "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпаратты науқаны аясында ақпараттық дайындық
 
16.11.23ж "Құқықбұзушылықтың алдын алу " атты тақырыбында ашық әңгіме өтті.
 
16.11.23ж Төрт тоқсан-төрт өнер
"Асық ату "челленджісі
 
 
20.11.23ж Ауыл олимпиадасының ашылу рәсімі
 
 
27.11.23ж Ұлттық құндылықтарды насихаттау аясында
Балалар кітапханасы" жобасы
"Кітап-асыл қазына" кітап оқу
1-сынып оқушыларымен
Өткізген: Нубаева Дана Ертаргыновна
 
 
 
28.11.23ж Ақмола облысы Зеренді ауданы
Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Ахметжанова Қарлығаш Смагуловна
Тақырыбы:" Шахмат-ақыл ой спорты"
Мақсаты:Үзіліс уақытын тиімді пайдалану арқылы оқушыларды шахмат ойнауға қызығушылығын арттыру.
 
30.11.23ж Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентінің 1-отырысы
 
01.12.23ж Ақмола облысы Зеренді ауданы
Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 1-сынып оқушылары
Тақырыбы:" Ұлттық киім-ұлттық мұра" ұлттық киім кию
Мақсаты:Үзіліс уақытын тиімді пайдалану арқылы оқушыларды қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуді,келер ұрпаққа да жеткізе білсек екен жеп ойлаймын.
 
04.12.23ж 
Ақмола облысы Зеренді ауданы
Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: "Кітап -асыл қазына" кітап оқу
"Балалар кітапханасы" жобасы
Мақсаты:Үзіліс уақытын тиімді пайдалану арқылы оқушыларды кітап оқуға баулу.
 
13.12.23ж Шығарма жазу:болашаққа хат" челленджі
 
14.12.23ж Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ортаңғы сынып оқушыларының ата-аналары үшін "Ақыл айтпа-жол көрсет" жасөспірімнің бейімделуі ата-аналар жиналысы
 
15.12.23ж Өмірге деген құлшыныс"тренингі өткізілді. 9-11сыныптар арасында,
мектеп психологі:Сагиденова Л.Ө.
Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу" іс-шара
Мектеп психологі:Сагиденова Л.Ө.
 
 
"Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу" туралы ашық әңгіме өткізілді.
 
15.12.23ж Жеке бас гигиенасы"атты дәріс оқылды.
Мектеп медбикесі:Каримова Б.Н.
 
21.12.23ж Тарих апталығының ашылуы
Жетекшісі: Багауиева А.Ш
 
21.12.23ж Ақмола облысы Зеренді ауданы
Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:" Ұлттық ойын- ұлтымыздың құнды мұрасы" бес асық, асық ату ойыны
Мақсаты:Үзіліс уақытын тиімді пайдалану арқылы оқушыларды қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру батылдыққа, төзімділікке, ептілікке,қырағылықты және дәлдікті дамыту
 
23.12.23ж "Тарих тарландары" интеллектуалды ойын. 9-10-11 сыныптар арасында.
 
Тарих апталығы.. Дебат 8-7 сынып арасындағы. Тақырыбы : "Қазақ хандығының Ресей империясына қосылу салдары"
 
24.12.23ж 2023-2024 оқу жылында мектебімізде оқушылар мен ұстаздарымыз айтарлықтай жетістікке жетті.
1-4сынып оқушылары мен "Балауса"шағын орталығының көпбалалы отбасынан шыққан бүлдіршіндер тегін тамақпен қамтамасыз етілді. -Шағын тәрбиешілердің жалақысы 30%өсті -Мектепте оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін "Дабыл түймесі" орнатылды. -Мектепте көрші мектеп ұстаздарына арналған Көкшетау қаласынан "Өрлеу" біліктілік арттыру ұлттық орталығынан "Шағын жинақталған мектепте пәндерді оқыту" тақырыбы бойынша курс өтті.
- Мектебімізде мектеп ұстаздарына арналған Көкшетау қаласынан "НЗМ" орталығынан"Lesson Study" курсы өтті.
-Мектепте жаңадан екі жылу қазандығы орнатылды.
-Мектебімізде ұлдар мен қыздар арасында "Волейбол", "Асық ату","Бес асық" секциялары жұмыс жасайды.
Жаңартылған күні: 27.06.2024 19:41
Құрылған күні: 27.06.2024 19:41

Текст