"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Айгөлек» жазғы сауықтыру алаңының жұмыс есебі.

       Мектебімізде  бастауыш  сынып  оқушыларына   жазғы  «Айгөлек»  сауықтыру  алаңы  ұйымдастырылды. Біз бастауыш сынып мұғалімдері  Дайырбекова Г.Б.  және  Абжанова Ж.Аосы  алаңының  жетекшілері  болып  тағайындалдық.  Балалардың   әрбір  күнін  көңілді  өткізуін    жоспарладық.  Сондықтан  біз  алдымызға  қойған  мақсатқа  сүйене  отырып,  демалысты  қызықты  өткізуге  тырыстық.                                                                                                               «Айгөлек» сауықтыру  алаңы  өз  жұмысын  Маусымның  бесі күні   «Балаларды  қорғау»  күніне  орай  «Балдырған  әлемі»  мерекелік  шарадан  бастады.  Алғашқы  құттықтау сөзді  мектеп  директоры  Болатова А.Ш. берілді.Ол  барлық  балаларды  мерекелерімен  құттықтап,жазғы  сауықтыру  алаңында  жақсы  көңіл  күймен  демалуларына  тілектестігін  білдірді.Артынша мереке балалардың  әсем  әндерімен,бүлдіршіндердің билеген билерімен, ойындармен  жалғасты.  Әрбір  күннің   өз  атауы болды.Мысалы  «Танысу  аралы» күні балалар  топтың атын,  төс  белгісін,топтың әнін үйренді.  Шынықсаң шымыр боласың күні  «Біз спортты жақсы көреміз» спорттық жарысын ұйымдастырдық.Ұлдардың ,қыздардың шыдамдылығын,  төзімділігін,  ептілігін анықтау  мақсатында  «Біз икемдіміз және мықтымыз » сайысын  өткіздік.  Отанға сүйспеншілігін ,патриоттық сезімін арттыру мақсатында «Өз елімді сүйемін» атты  тақырыпқа ауылдағы кітапханаға, мұражайға, мешітке,қырманға саяхат жасадық..Қазына іздеу ойынына КВЕСТ жасап екі топқа пираттық карта берілді.Бұл ойын тапқырлыққа, шеберлікке ұйымдастырылды.Артынша  тәттілермен марапатталды.Балалардың арасында адал мен арам достықты  ажырату мақсатында «Дос  боламыз бәріміз» атты тренинг және досына хат жазу  өткіздік.  Өзін қаншалықты қандай екенін және ойлау ,даму мақсатында « Әркім өзіне режиссер»  тақырыбына балалар өзіне ұнаған кейіпкердің костюмын киіп ,рөлін  сомдады және несімен ұнағанын айтты. Табиғат аясына саяхат жасадық,балалар тамақтарын апарып дастархан жайды,ұлттық ойындар ұйымдастырылды. «Өнер» күні балалардың бойында  қандай өнер бар екенін байқау сайысын өткіздік. Сол сияқты «Түрлі түсті арман» және  «Кис кис» шоу атты тақырыпқа целофанмен  сурет салды және табиғи материалдармен жұмыс жасадық.Балалардың  өте керемет қол өнерлерін байқадық. «Ханзада мен ханшайым»сайысы  тақырыбының мақсатында ақылдылықты, тапқырлықты, көркем сөзді, биязы мінезді меңзеп, балалардың арасынан ханзада мен ханшайымды тағайындадық . Мамандыққа арналған күндері ,яғни, «Ас адамның арқауы» аспазшылар күні ас даярладық, «Кішкентай дәрігер» күні емдеу жолдарын табуға үйреттік, сондай ақ қауыпсіздік ережелерін ескертіп отырдық.Су  мерекесіне  арналған Нептун күні  ұйымдастырылды.Бұл ойында су перісі мен су ханшайымының бұйрығы бойынша шомылдырды.   Шомылатын көл болмасада балалар баклажкамен су  атысып ойнады.Өте  қызықты болды. « Үш тілді игереміз» атты викториналық  ойынын қазақ,орыс, ағылшын тілінде өткіздік.Балалар білгендерін ортаға салды,қызықты өтті. « Көңілді күн» тақырыбында отряд арасында эстафета ұйымдастырдық.  Отряд арасында Бәсекелестік байқалды.Соңғы күні жазғы демалыстың жабылуына  байланысты концерттік  бағдарлама  ұйымдастырылды. Оқушылар  лагерьдің  қалай  өткенін  жайлы  бір бірімен ой  бөлісті. Тілектерін жазды. Барлығы достық сезімін . ризашылығын білдірді.   Сауықтыру  алаңының  қорытындысы  бойынша  оқушылар қызығушылықтарын танытып барлық жоспарлаған  іс  шараларға белсенді  қатысқаны үшін сыйлықтармен марапатталды           

                                          «Айгөлек»  сауықтыру  алаңының  жетекшілері  

                                                                       Дайырбекова Г.Б.

                                                                       Абжанова Ж.А.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 10.07.2023 12:26
Құрылған күні: 10.07.2023 12:26

Текст