"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

мектеп парламентінің жылдық есебі

Сейфуллин ауылының ЖОББМ
«Мектеп парламенті» және «Жас Ұлан» ұйымдарының 
қызметіне анықтама және жарты жылдықта атқарған жұмыстарының есебі.

     Шағалалы ауылының ЖОББМектебінде білім алушылардың  өзін-өзі басқару органдарын дамыту  тұжырымдамасы негізінде 2023-2024 оқу жылында «Мектеп  парламенті» ұйымы құрылды. 
   1.Парламент мақсаты: 
балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
   2.Парламент міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;
3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;
4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;
6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;
7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікірқалыптастыруға қатысу;
8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.
Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
    Парламен жоспар бойынша жұмыс жасауда.

   Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
Құқық және тәртіп фракциясы
Ақпарат фракциясы (мектептің баспасөз қызметі)
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы
Өзін-өзітану және бақыт фракциясы (психология)
Қамқорлық фракциясы (еріктілік)
Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық)
Дебат қозғалысының фракциясы
Экология және еңбек фракциясы

2023-2024 оқу жылының қазан айында парламен президентін қайта сайлау іс-шарасы жүргізілді.

Мектеп  парламентінің құрылымы
Парламент Президенті –
 Өміртай Баянсұлу -  8 сынып

1.Құқық және тәртіп фракциясының көшбасшысы:                                     
Мәлік Назира – 9 сынып

2. Ақпарат және баспа фракциясының (мектептің баспасөз қызметінің  көшбасшылары:
  Баукен Медина  - 9  сынып 


3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясының көшбасшысы
Қайрат Ағынтай- 8 сынып 

4. Өзін-өзі тану фракциясының (психология)  көшбасшысы
 Иманғазы Балнұр – 9  сынып   

5. Қамқорлық фракциясының   (еріктілік)  көшбасшылары:
Габдуллина Зарина -  9 сынып 

6. Мәдениет және өнер фракциясының көшбасшысы
Мұшат Дария   -  7сынып  

7. Дебат қозғалысы фракциясының көшбасшысы:
Габдинур Елхан - 8  сынып  


8. Экология және еңбек фракциясының көшбасшысы
Нұрмаш Аяулым    -  9  сынып 

 

 


«Жас ұлан» ұйымына 2023 жылы қараша айында Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген «Тәуелсіздік тұғырым» атты салтанатты жиында мектебіміздің 8 белсенді оқушылары «Жас Ұлан» қатарына және бастауыш сыныптардың  15 белсенді оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданды. 
      2023-2024 оқу жылында «Жас Ұлан» ұйымыныңҰланбасы лауазымына сайлау өтіп 9 сынып оқушысы Мәлік Назира сайланды.
"Жас Ұлан" ұйымының жұмыс мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білім мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысты, іске жауапкершілікпен қарауды, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатыстылықты қалыптастыру.
    "Жас Ұлан" ұйымының міндеттері:  Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, тілін білу негізінде өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік әлеуетін қалыптастыру;
балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін және санасын арттыру;
танымдық қызметті ынталандыру;
балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағымды жағдайлар жасау;
баланың жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігін қалыптастыруға, көшбасшылық әлеуетін және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға бағытталған жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Ұйымның қызметі жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Жыл бойы әр ай басында "Жас Ұлан"ұйымы белсенділерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, өткізілген іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, жоспарланған іс-шаралар талқыланады . 
Жыл сайын "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен әлеуметтік  проекттер «Акциялар» жүргізіледі. 
-Экологиялық акция "табиғатты Сақта, бұлақ көрсең көзін аш".  Акция аясында "Табиғатты қорғаймыз" тақырыбында суреттер байқауы өткізіледі. Акцияға мектеп оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қатысып, мектеп аумағында жинау жұмыстарын жүргізеді.
   Олар, ауласын құрғақ шөптен тазартады, бақшаларының топырағын аударып, көктемде картоп отырғызуға көмектеседі. Қыста балалар ауланы қардан тазалауға көмектеседі, ардагерлердің сұрауы бойынша шаруашылық тапсырмаларына  көмектеседі..   
    1 қыркүйек «Білім күніне» арналған безендіру жұмыстарын өзін өзі басқару ұйымының оқушылары атқарды.
   «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары 8 қыркүйекте «Тоғыз айдағы тоғыз іс шара» тұжырымдамасы бойынша «Дене сергіту» челенджіне қатысып бастауыш сынып оқушыларын спорттық жаттығулар жасауға ұйымдастырды және 5-11 сыныптар оқушылары челенджге жаппай қатысты.
   Әр айдың басында отырыстар өткізіліп мектеп белсенділерімен ақылдасып, өткізілетін іс шаралар талқыланады. 
11 қыркүйекте «Бала құқығы - адам құққығы» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
    Қыркүйектің ішінде «Мектеп парламентінің президенті» лауазымына үміткерлерден ұсыныстар жиналып, әр үміткер өз бағдарламаларын дайындап мектептің инстограмм желісіне салды.
25 қыркүйек күні «Менің құқығым» тақырыбымен Өзін өзі басқару ұйымының мүшелерімен сайыс өтті .
   Әр сынып белсенділері Қазанның бірінші аптасында «Ұстаздар күніне» арнап видео құттықтаулар дайындап интернет желісіне жіберді.
    «Ұстаздар күні»
     Мектеп  белсенділері қазан айында мектебімізге бірінші сессиясына келген ресурстық орталықтың оқушыларымен үзілістерде әртүрлі ойындар ұйымдастырып достық қарым қатынасты ұстанады. 
     Мектеп парламентінің мүшелері 25қазан Республика күніне құттықтау видеоларын дайындап интернет желілеріне салды.
   21 қазан күні мектебімізде Мектеп парламентінің президентін сайлауға арналған іс шара болды.   5-11 сынып  оқушылары және мұғалімдер мен мектеп жұмысшылары мектеп президентін сайлауға белсенді қатынаса отырып үміткерлерге өз дауыстарын берді.
   Оқушылардың ойынша, үлкендерге көмек қолын созған, қажет кезде қастарынан табылу көніл толқытар іс. 
   Ауыл мешітіне барып осы жыл ішінде қар тазалауға көмектесті. 
    19 қарашада оқушылардың ұйымдастыруымен «Президентпен танысу» атты кеш өтті.
24 қарашада «Құқығым бар» деген тренинг болды. Мақсаты: балалардың мүдделерін қорғау кемсітушіліктерді болдырмау ой пікірін ерркін білдіре алу қатыгездіктен құтыла алу.
6 қазан күні келе жатқан Ұстаздар күніне орай «Дублер күнін» Парлмент қатысушылары басқарған.
    Қазанда Мұғалімдер күніне "Дублёр күні" іс-шарасы ұйымдастырылды.  Бұл күні жоғары сынып оқушылары, ересек өмірге барынша жақындатылған шынайы жағдайда, яғни, мектептің бір күндік оқу-тәрбие үрдісін жауапкершілікпен ұйымдастырып, барлық әкімшілік жұмыстарын өз мойындарына алды. Ұлағатты ұстаздардың көңіл күйін көтеру мақсатында бір орысша және бір қазақша сыныптары ұйымдастырылып , мұғалімдер ұжымы бөліп отырғызылып  төрт түрлі пән сабақтары жүргізілді. Мерекелік-концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ұстаздарды құттықтау іс-шараларын өткізді.
30 қараша күні Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентінің 1-отырысы өткізілді. Осындай отырыстар бір тоқсанда екі рет өткізіледі.
Ақпан айында Парламент алдымен Досболlike акциясы басталған еді. Бір айы бойы мектеп оқушылары акцияға белсенді түрде қатысты. Әр үзілісте Өзін өзі басқару ұйымы ойындар, сайыстар өткізіп, желіге салынған еді. Алтыншы ақпанда Досболlike" достық қолын ұсын" акциясы аясында "Спорттағы достық" (ұлдар арасында) "Досболlike" достық қолын ұсын" акциясы аясында көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды. Наурызда ұлттық киімді насихаттау мақсатында "Ұлттық киім-ұлттық құндылық" өткізілді. 
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы көшбасшысымен «Қайырымды жүрек!» атты Қарттар күніне арналған мектепішілік акция өткізіді. Оқушылар мектеп уақытынан кейін қарттарға көмек көрсетті. Спорт және салауат өмір салты фракциясына арналған күндерінде «Салауатты өмір салтын ұстан!» тақырыбында 1-11 сыныптарда қызықта спорттық сайыстар өткізілген еді. Қаңтар айында «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбына сай дөңгелек үстел болды. «Жұлдызды кеш» ән, пародия сайысы бастауыш сынып арасында орналып оқушылар мараппатауларын алды.

1 наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-адамзаттың асыл қасиеті» атты акцияда бір біріне рахмет айту тапсырмалары болды. 1 Мамыр – бейбітшілік күніне орай «Ынтымақ – достық кепілі» деген тақырыбына сай мектеп қабырғасында концерт кеші өткізілді. Концертке мектептің барлық сыныбы ат салыса қатысты. 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шара «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»ке іс шаралармен сап түзеу өткізілген еді.

                                                                       Аға тәлімгер : Аушахимова А.С.

Жаңартылған күні: 17.06.2024 11:04
Құрылған күні: 17.06.2024 11:04

Текст