Мемлекеттік қызметтердің стандарттары
Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 638 қаулысымен
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000633
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) «Негізгі орта, жалпы орта білімтуралықұжаттардыңтөлнұсқаларын беру»; мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) Мектепкедейінгітәрбиежәнеоқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалықжәнекәсіптікбілім, орта білімненкейінгібілім беру бағдарламаларыніскеасыратынбілім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларғатенестірілгентұлғаларғабіліктіліксанаттарын беру растауүшінаттестациялауданөткізугеқұжаттардықабылдау 6) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпыбілім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 984-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 18), 19), 20), 21), 22), 26) тармақшалары алып тасталсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 минут; құжаттарды қабылдау сәтіне дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) өтініш (еркін нысанда); 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдері, ауылдық жерлерде – әкімдік берген жолдама; 3) сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқа және көшірме); 4) баланың денсаулық паспорты; 5) эпидемиологиялық ортасы туралы анықтама.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде: 1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына; 2) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жергілікті атқарушы органының атына шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдама
Уәкілетті орган ________________ Уполномоченный орган ____________ № ____ ЖОЛДАМА НАПРАВЛЕНИЕ № _______ Берілген күні «__» _____ 20 __ ж. Дата выдачи «____» _____ 20___ г. Баланың Т.А.Ә.(әкесінің аты бар болса) _________________________ ________________________________ Туған күні, айы және жылы _______ Ф.И.О (при наличии отчество) ребенка _________________________ Дата, месяц, год рождения _______ Мектепке дейінгі ұйым __________ _________________________________ Дошкольная организация __________ _________________________________ _________________________________ |
ЖЫРТПАЛЫ ПАРАҚ ОТРЫВНОЙ ЛИСТ Уәкілетті орган __________________ Уполномоченный орган _____________ № ____ ЖОЛДАМА НАПРАВЛЕНИЕ № _______ Берілген күні «__» _____ 20 __ ж. Дата выдачи «____» _____ 20___ г. Баланың Т.А.Ә.(әкесінің аты бар болса) _________________________ ________________________________ Туған күні, айы және жылы _______ Ф.И.О (при наличии отчество) ребенка _________________________ Дата, месяц, год рождения _______ Мектепке дейінгі ұйым __________ _________________________________ Дошкольная организация __________ _________________________________ _________________________________ |
ЖОЛДАМА БЛАНКІСІН БЕРУ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ТІРКЕУ № _________ РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР В ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ №_____ Жауапты адамның Т.А.Ә..(әкесінің аты бар болса) _________________________________ Қолы _____________ Ф.И.О. (при наличии отчество) ответственного лица _________________________________ Подпись ___________ Мөрдің орны/ Жолдама берілген күннен бастап 5 күн бойы жарамды болады Направление действительно в течение 5-и дней со дня выдачи |
ЖОЛДАМА БЛАНКІСІН БЕРУ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ТІРКЕУ № _________ РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР В ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ №_____ Жауапты адамның Т.А.Ә..(әкесінің аты бар болса) _________________________________ Қолы _____________ Ф.И.О. (при наличии отчество) ответственного лица _________________________________ Подпись ___________ /Место печати Жолдама берілген күннен бастап 5 күн бойы жарамды болады Направление действительно в течение 5-и дней со дня выдачи |
|
Жолдаманың негізгі нысанымен міндетті түрде бақылау үшін салыстыра тексеруге жатады. Подлежит обязательной контрольной сверке с основной формой направления. |