"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

тәрбие жұмысының жылдық есебі 2022-2023 оқу жылы

Сейфуллин ауылының жалпы білім беретін мектебінің  2022-2023 оқу жылындағы  тәрбие бойынша атқарылған  аналитикалық  есебі.

Сейфуллин  ауылының ЖОББМ-де  2022-2023  оқу жылында  жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

  •  
  1. 1) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
  2. 2) оқушылардың оқу іс-әрекетіне тұрақты ынтасын дамыту, білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.
  3. 3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту. 
  4. отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ және басқа да этностар мен Қазақстанның этностық топтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру. 
  5. 4) елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру. 
  6. 5) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

    Оқу жылының басында  2022-2023 оқу жылына  мақсат, міндеттер  айқындалды.  Ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың  және ата-аналардың  әлеуметтік  жағдайы  туралы  мәліметтер  жиналды, сынып бөлмелері  бекітіліп, белгіленді.

    Мектеп  және  сынып  жетекшілердің  тәрбие  жұмыстары  8 бағытты  толық  қамти  отырып,  жұмыс жасайды.

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбиеМақсаты:  Демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты;тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалармен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағықатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. 

2. Рухани-адамгершілік тәрбие .  Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және  көзқарастарын қалыптастыру.

3. Ұлттық тәрбиеМақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге  бағдарлау

4. Отбасы тәрбиесіМақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және  жауапкершіліктерін  арттыру

5 .Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиеМақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын        қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиеМақсаты:  Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін  дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. 

 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесіМақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

2022-2023 оқу жылының қыркүйегінің 5-не дейін 83 оқушы қамтылып,    11 сыныптан құралды. Бастауыш сатыда -29, ортаңғы сатыда - 38,жоғарғы  сатыда  16 оқушы.   1-11 сыныптар бойынша 11 сынып комплектісі 

Мектебімізде жалпы  сыныптар саны: 11 сынып  комплект, 1 даярлық тобы бар.

Мектебіміздегі  оқушылар  саны жыл басында -83 оқушы, жыл соңында- 83 оқушы.

            Жылына 2 рет ДТЖО әлеуметтік   педагогпен және сынып жетекшілерімен бірігіп сауалнама жүргізуі негізінде мектептің әлеуметтік паспорты құрастырылады. Олардың  ішінде: Толық отбасы – 42,  толық емес отбасы – 3бала, аз  қамтамасыз етілген  отбасы - 0 бала, АСП алатын – 3 бала, толық емес отбасынан — 4бала , көпбалалы   отбасынан -14 бала,  анасы жоқ бала - 0; мүгедек балалар – 0,  әкесі жоқ балалар– 4 бала, үйде оқытылатын  – 0 оқушы бар.

 

 

Өткізілгенсыныпсағаттарының саны: әрсыныпсыныпсағаттарын тәрбие жұмысының бекітілген жоспары бойынша өткізді, қосымша іс-шараларға қатысты.Аптасына бір рет сынып сағатын, тоқсанына бір рет сынып ішіндегі жиналыс  өткізді.

Сынып  сағаттарының жиі  өткізілетін форматтары:  сұрақ  -жауап, презентация

Қауіпсіздік  Ережелерінің  нұсқаулықтарымен  таныстырылған  сыныптар:  10сынып.

Жоспарланған сынып ішіндегі   жиналыстар саны: -4

Мектепішілік диалогтік алаң түріндегі жиналыс -1

Мектепішілік  үйірмелерге, секцияға  қатысатын  оқушылар  саны: 83 оқушы

Сынып  ішіндегі туындаған  кедергілер  мен  мәселелер : сынып  жетекшілер  мен педагог –психолог,  әлеуметтік  педагог тарапынан ұсынылмады.

Мектепте волейбол 5-11 сыныптар- 54 оқушы, шахмат үйірмесі  1-3- сыныптар-29 оқушы  қатысады.

Сыныптар  бойынша  сынып  жетекшілер  тарапынан тоқсанына  1 рет  есептері алынды.  Педагогикалық  кеңестерде  таныстырылды.

Балалар  ұйымы:

«Жас ұлан» балалар  ұйымына  қабылданған  оқушылар саны: 43 оқушы.

«Жас қыран» балалар ұйымындағы оқушылар саны-25

«Адал ұрпақ » еріктілер  клубының  мүшелер  саны: 10 оқушы

Еріктілер саны: 10 оқушы.

Оқу жылының басында тамыз – қыркүйек айында «Мектепке жол» акциясы жүргізілді.

        Жыл басында әр сынып жетекшісі сыныбының әлеуметтік құжаттарын толтырып, барлық сыныптардағы аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларды, анықтады. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандырушыларды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету құжаттары жинақталып, 6 оқушы тегін тамақтану тізіміне ұсынылды.       

Құқықбұзушылықтың алдын  алу:

Әңгіме  сағаты-10

Дәрістер-4

Рейдтер: айына  1 рет

Жеке әңгімеге тартылған  оқушылар  саны-0 оқушы

.ПБ ЖПҚБ ЮПБ  есебінде тұрған балалар жоқ.

      Тәрбие жұмысының ең басым 8 бағыты негізінде  сынып  жетекшілер  тарапынан  барлық  сынып  сағаттар  ұйымдастырылды. Тәрбие қызметі  бойынша барлық  бағыттар қамтылды, жоспарланды, жүзеге асты.

 Сыныпта сынып белсенділері  сайланды. Оларға міндеттері түсіндіріліп отырылды. Тоқсан соңында сынып жиналысында есептері тыңдалды.

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

     Сонымен қатар тәрбиелік іс-шараларға  бақылау басшылық  жасау  іске  асты. Оның  ішінде  сынып  жетекшілердің  тәрбие  жоспарлары  тексеріліп, бекітілді.  Мектебіміз бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің хатына сай1.08.2022ж№  бұйрығы негізінде 2022 жылдың 1 тамызынан қыркүйектің 30 аралығында жаппай біліммен қамту айлығымен «Мектепке жол» акциясы өткізілсін

«Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу бойынша «Сейфуллин  ауылының ЖОББМ»КММ іс- шарасының анықтамасы

 Мектебіміз бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Биылғы «Мектепке жол»  акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектепішілік  бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді.

Акция мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан  Биылғы оқу жылында шыққан оқушыларға,  жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер  бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.

      2022 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек  аралығында  рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда.  

 Акция кезінде аз қамтылған отбасылар жоқ, көпбалалы отбасылардың балалары бар -9 жанұя бар жағдайлары жақсы , сондай-ақ жетім балалар  жоқ

Акция мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасылар жоқ, жағдайы төмен отбасы1-жанұя бар, әлеуметтік мекен жай көмегін алады. Биыл ешбір ЖШС «мектепке жол» акциясына көмек көрсетілді.Жаңбырбаев Берік Зайкенұлы жұмысшы,Сыздыкаева Роза Тәубаевна аспазшы қызметі  болып жұмыс істегендіктен ақшалай көмек көрсетілді.

Жыл  басын  «Алғашқы қоңырау» салтанатты    1 қыркүйек  Білім  күніне арналып мектебімізде  « Терең білімге, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»  тақырыбында  салтанатты сап түзеу    өткізілді. Мектеп табалдырығын алғаш   аттаған 6  бүлдіршіндер   1 сыныпқа  қабылданды.

  Олар  мектеп  туралы, ұстаздарға  арналған  өлең тақпақтарын айтып берді.

1-11 сынып жетекшілері « Терең білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік отаншылдық қасиет» тақырыбында сынып сағаттарын сыныптарында өткізді.

 

«Отбасы-бақыт мекені»  атты апталығын өткізілгені туралы мәлімет
Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 6-12 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық  өткізілді. апталықтың іс-шара жоспары бекітілді.Сыныптарда тәрбие сағаттары жоспар бойынша жүргізілді.Атап айтатын болсақ1- 6-сыныптарда  «Отбасы –кіші мемлекет» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты:отбасындағы қарым –қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау.Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен5ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Үлкенді үлгі,кішіні мақтан етуге,отбасының бірлігін сақтап,жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.Оқушылардың отбасы туралы түсініктері толық бар екенін анықталды. 1-11-сыныптар «Менің Отбасым менің бақытым»тақырыбында коллаж жасады.1-11 сыныптар арасында «Менің отбасым» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері «Отбасы бақыты-ұлт болашағы» тақырыбында спорттық жарыстар жүргізді.Кітапханашы: Нубаева Д Е «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында көрме ұйымдастырды.Бастауыш сыныптар арасында «Менің бақытты отбасым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

«Менің кіші Отаным» байқауына қатысты

19.09. 2022ж  күні өткен «Менің кіші  Отаным» атты жас тарихшылар байқауына мектеп атынан 9-сынып оқушысы Қиянбек Аяр қатысып сертификат  иеленді.Ұстазы:  Багауиева Алина Шаймұратовна

«Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде-де Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдиновтың 100 жылдығына орай "Ер есімі-ел есінде" атты еске алу бұрышы мектеп дәлізінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар тәрбие сағаттары өткізілді.

      " Қазақтың текті қыраны -Талғат Бигелдинов"тақырыбында 5-11сынып жетекшісі деректі фильмдер көрсетілдіұйымдастырып  өткізді.

Ерлік сабақтарын «Мәңгілік алыптары» атты сынып сағаттары өткізілді.

Ұлыжеңістідәріптеу. КеңесОдағы батыры атағынекіреталғанұшқышжауынгерТалғатБигелдиновтыңерлікістерітуралыәңгімелейотырып, өміржолын, ерлігінтанытыпжәнеүлгіөнегетұту. Елін, жерінқорғағанбатырлардықұрметтеугежәнеолардыңерлігінмақтанышетуге, ұлтжандыетіптәрбиелейбілугешақырды.

Кеңес Одағының екі мәрте батыры авиация генерел майорыныңТ Бигелдинова 100 жылдығына арналған «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы

Оқушылар арасында шағын футболдан спорттық турнир өткізілді.

Мұғалімдер мерекесіне арналған -«Ұстазым, ұлағатым- үлгі өнегем»тақырыбында мерекелік іс-шара,бастауыш сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.«Өз ұстазымды құттықтаймын» тақырыбында  видеороликтер жасалынып әлеуметтік желіге салынды.

 

«Ұстаздарды құттықтау» бейнеролигі жасалды, «Ұстаз ұлы тұлға»мектепішілік концерт өтті. «Ұстаз саған мың  алғыс»челленджі өлеңдер оқу ,өзін өзі басқару құрамы «Мектеп көшбасшысы» интеллектуалды ойын, «Ұстазыңды тани білесің бе» ток шоуі өтті жауапты 9- сынып оқушылары сынып жетекшісі: Багауиева А Ш.Барлығы интернет желісіне орналастырылды.

 

«Менің атам мен әжем» атты фотоколлаж түсірді. Қарттарымызды қошеметтейміз атты құттықтаулар жасалды.Қарттарымызды құрметтейміз атты бейнеролик жасалды. «Қарттарым асыл қазынам» атты сынып сағаттары өткізілді.

«Тимуршылар» командасы  мектеп оқушылары жалғызбасты қарт ата-әжелердің үйлеріне барып, қолғабыс көрсетіп, , үйін тазалап  берді.. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды өз ұранына айналдырған «тимуршылардың» қазіргі аяқ алыстары мақтауға тұрарлық. Жастық шақтарын ел мен жердің гүлденуіне арнап, маңдай терлерін төккен ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсету – бүгінгі буынның басты парызы деп білеміз. Мектеп оқушыларын өз елінің патриоты болып өсуге, салауатты өмір салтын, тазалық мәдениетін насихаттау және үлкендерге құрмет көрсету мақсатында аудандық деңгейде игі істер атқарылуда парызы деп білеміз.  Тәрбие жұмысының орынбасары «Қарияларға қамқорлық көрсетейік»  аясында көмек қажет қарт адамдардың үйіне оқушылармен барып  көмеккөрсетті.

Қарттарды құттықтап тақпақтар ,өлеңдер айтылды.

 

12.10.2022жСейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жоспарлы түрде ата аналар жиналысы өтті.Күн тәртібінде 

1ата аналар комитет құрамын сайлау

2 №377 Орта білім беру ұйым психологиялық қызмет,

3мектеп ішкі ережесімен жауапкеркершіліктер ата аналардың ұсыныстары қабылданды

Сейфуллин  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 14- қазан5-10 сыныптарда «Арайлы алтын күз» атты мерекелік концерт өтті 18- қазан күні  күз айына орай«Берекелі, алтын күз»  атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің 1-4 сынып оқушылары белсене қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар 5-10 сыныптар аралығындағы оқушылар жылдағыдан өзгеше жеміс- жидектерді әртүрлі көрініс, би, ән арқылы таныстырды. Актерлік шеберлік үшін әртүрлі номинациялармен  марапатталды.. Мерекелік іс-шараларға ата-аналар, мектеп ұжымы, оқушылар қатысты. Мектеп директоры: Болатова А Ш. оқушылары күз мерекесімен құттықтап оларға сәттілік тіледіОқушылардың күз мерекесіне деген дайындықтары жоғары деңгейде болды. Әр сыныптар топ болып өздерін таныстыра отырып, өз өнерлерін ортаға салды. «Күзгі газет» 9-сынып оқушылары және сынып жетекшісі: Уалиева Ж С  ұйымдастыруымен өткізілді.

Бастауыш сыныптарда «Алтын күз» ертеңгілігі сағат 12:00 басталды.Жас бүлдіршіндер өздері дайындаған ән,би,көріністерін көрермендер назарына ұсынды. Әсіресе көрермен көңілінен шыққаны 1- сынып оқушыларының орындауындағы «Бопалар» биі, даярлық тобының «тамшылар» әні үлкен қошемет көрсетті. Жауапты  болған 2- сынып оқушылары ойын ұйымдастырып, флеш-моб билетіп ертеңгіліктің ажарын аша түсті.

 

 

 

Жас бүлдіршіндер мен ата-аналары өткізген ұстаздарға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай іс-шаралар балалардың бойындағы өнерін шыңдай түсуіне тілектес екендігін  айтып, өз тілектерін жеткізді.

     Түстен кейін 15:30 5-11 сыныптар арасында «Күзгі бал»  мерекелік кеші басталды.Бұл кеште жауапты болған «Болашақ» ұйымы оқушылары кешті жақсы ұйымдастырып, мынадай номинация бойынша сынға түсті:

 

1.Кел танысайық сайысы

2.Өз өнерін көрсету

3.Күзгі сән үлгісі

4.күзгі тағам

5.Викториналық сұрақтар

Ортаңғы, жоғарғы сыныптар кешке үлкен дайындықпен келіпті,көрермендер назарына өз өнерлерін паш етті. Кел танысайық номинациясы бойынша 8- сынып оқушылары өздері шығарған өлең жолдарымен таныстырды.

5-6- сынып оқушылары мың бұралып би билеп таң қалдырса,10-сынып оқушылары көрінісі күлкіге қарқ қылды. 7- сынып оқушылары өз қолдарымен жасалған сән үлгілерін көрермен алдына ұсынып, таңқалдырды.

Осындай бала бойындағы тамаша қасиеттерді ашып, өнерге, қоғамдық жұмысқа бейімдеуге атсалысқан сынып жетекшілердің барлығына шексіз алғыс білдіріп, табыс тілегім келеді.Соңында әділ қазылар алқасына сөз беріліп жеңімпаздар анықталды.  8 сынып гран приді жеңіп алды қалған сыныптар номинация бойынша марапатталды атап айтсақ  6- сынып «үздік би»   5- сынып «үздік сән үлгісі»   7-сынып «үздік  күзгі тағам» 8- сынып « үздік таныстырушылар»,10- « үздік өнер қырандары» 9- сынып « үздік жүргізушілер» номинациясыменмақтау қағаздарымен  марапатталып, мерекенің соңында би кеші ұйымдастырылды.

25 қазан Қазақстан Республика күніне орай "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты:Жас ұрпақты туған жерін,Отанын сүюге,егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеп,қастерлеуге, туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай,еске алып отыруға,ата- бабаларымыздың қаны тамған жерді қорғай білуге,мұра боп қалған дәстүр, өнеге-салтымызды,ана тілімізді сүйіп,оны сақтай білуге тәрбиелеу.


«Атамекен» диктантін жазды

 

 

 

«Тәуелсіз елім Қазақстан» атты сурет көрмесі

Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.Аңсап халық көп күткен Егеменді ел болдық Көңіл – күйі тоқ жұртпен Тереземіз тең болдық.Асқақтатып саз, әнге Салөнерпаз кіл.22 күні қазанның Республика күні бұл! Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды «Патриоттық дауыс»

«25- қазан Республика күні» бастауыш сынып оқушыларында спорттық эстафета ойыны өткізілді

«Менің отаным Қазақстан!» атты салтанатты сап түзеу өткізілді.

«Ұшқыр ой алаңы» атты дебат клубында дебат өткізілді.

14 қараша күні мектебімізде «Ауылдан көрі қалада тұрған жақсы» тақырыбында дебат өтті

Ағатәлімгер: Аушахимова А.С

«Жастар-2022» аймақтық оқушылар спартакиадасында «Бес асық» ойынынан қыздар арасында 1- орынЖанайдарова Арайлым 2- орын Енканова Дилназ.3- орын Өміртай Баянсұлу, ұлдар арасында  «Асық ату» ойынынан 3-орын Габдинур Елхан иеленді, жетекшісі:  Зайкенов С.Қ.Аудандық ұлдар арасында «Асық ату» ойынын қатысып 3-орын иеленді. Серғазы Мұхаммад, Қайрат Ағынтай мадақтамамен марапатталынды,жетекшісі:  Зайкенов С.Қ.

10қазан-20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

Мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.

10.10.2022 күні«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында атқарылған  іс-шаралар жоспары құрылып, сап түзеудетаныстырылды

11.11.2022күні  9 сыныптар арасында « Бала құқығы- адам құқығы» тақырыбында пікірталас өтті.  Оқушылар балалардың құқықтары туралы, заңдар туралы талқылады, пікірталас тартымды өтті. Жауапты: Тәлімгер: Аушахимова А.С.

   10 .11.-11.11.2022күні 8- 11 сынып ұжымдары, пән мұғалімдері және ата- аналармен бірге  «Адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады» тақырыбында  лекция  оқылды.

14.11.2022 күні  1-4 сынып оқушыларымен  мектептің  спорт залында «Біз бақытты баламыз!» атты флешмоб өткізілді. Барлығы  30 оқушы қатысты.Жауапты : бастауыш сынып  мұғалімдері

15.11.2022күні мектептің 1,3 қабатында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптық видеоролик көрсетілді. 1 -11 сыныптар аралығында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ»  тақырыбында   бейнетаспа көрсетіліп, ақпараттар беріліп отырды.  Бейнетаспада «Әрбір бала  өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы екендігі, бала құқығы декларациясының, бала құқықтары туралы конвенцияның, заңның  қабылданған жылы» туралы ақпараттар көрсетілді.

 

16.11.2022 күні «Әр баланың құқығы бар» атты сурет байқауы өткізілді. Барлық 1-6 сыныптардың оқушылары қатысты.Жауапты: Аушахимова А С

17.11.2022 күні «Өмір ағашы.Менің шежіремнің тарихы»

 

https://www.instaqram.com\reel/CIAP8nuqfbG/?iqshid=MDJmNzVkMjY

https://www.instaqram.com\reel/CIAQT6Xq-Xq\/?iqshid=MDJmNzVkMjY

 

18.11.2022күні «Бала құқығы – адам құқығы»республикалық онкүндіктің қорытындысы шығарылып, БАҚ беттеріне жарияланды.

25 қараша-10 желтоқсанаралығындаөтетін«Зорлық –зомбылыққа қарсы 16 күн»Республикалық науқанынына байланысты мектепішілік өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалды.Жоспарда балалардың жеке құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау бойынша түрлі онлайн іс-шаралар , балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу,оларға қатыгездік пен қарау фактілерін анықтау, кәмелеткетолмағандардықоғамғақарсыіс-әрекеттер жасауға тарту бойынша ата-аналармен онлайн-жиындары және кеңестер өткізу қарастырылған. Өтетін әр іс-шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдылары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.

Мақсаттары зерттеу неге бағытталған : Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

  • Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету
  • Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
    Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.


Зеттеудің жалпы қортындысы:


«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында он күндік өткізілді оған жауаптылар  тәрбие ісінің меңгерушісіШокаева С.Б.аға тәлімгер: Аушахимова А.С ,медбике Каримова Б.Н.мектеп психологі: Сагиденова Л.Ө.  қатысып оқушылармен жұмыстар жаүргізілді.

Ұстаздар кешкі рейд жүргізіліп 1-11сыныптар оқушылар бақыланды және талданды. «Біз әлемді өзгертеміз,зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында 5-8сыныптар арасында эссе жазды.Оқушылар өз ойларын шамалары келгенше эссеге түсірген..

«Салауатты өмір салтын қолдау» денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу 5-9сынып оқушыларымен Денсаулықтарын қалай күтіп, гигиеналық талаптарды айтып, оқушыларға лездеме оқыды.

 

«Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» лекция 5-11сыныптар тәрбие ісінің меңгерушісі Шокаева С.Б.баяндама оқыды, бейнеролик көрсетілді «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында .Психолог топтағы оқушыларға зорлық зомбылықсыз балалық шақ дегенді қалай түсінесіңдер сонны ақ қағазға салып оны қорғады.Үш топтағы оқушыларда бір бірінен жарыса отырып постерларын қорғады.

Оқушылардан «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тест алынды. 9-11сынып оқушылары түгелдей қатысты.Қорытындысы оқушылардың барлығы зорлық зомбылық туралы Ешқандай қиындық көрмегендері туралы, оларға ешкім қысап қиындық көрсетпегендіктерін, өзөздерін қорғай алатындықтары байқалды.

2022 жылдың 12-15 желтоқсан күндері аралығында мектепте  ҚР Тәуелсіздік күніне орай апталық ұйымдастырылды. 12 желтоқсанда «Тәуелсіздік-бабалардың ұраны» атты тақырыппен апталықтың салтанатты ашылу рәсімі болды.

«Тәуелсіздік –менің мақтанышым» атты шахмат ойыны

 

«Тәуелсіз елдің ұланымыз!» ұйымдастырылған әрекет «Балауса» шағын орталығы

«Тәуелсіз – елімнің ерлік жолы» атты  кітап көрмесі

Тәуелсіздіктің ұлы рухы-желтоқсан » атты сынып сағаты 1-11сыныптар

 

 

Мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған барлық сыныптарға  іс-шаралар ұйымдастырылды 28 желтоқсан күні сағат 12:00  0-4 сыныптар арасында«Қош келдің жаңа жыл-!»атты ертеңгілігі өтті, жауапты:3- сынып оқушылары,сынып жетекшісі: Ахметжанова Қ С.

29 желтоқсан күні сағат 16:00 5-11 сыныптарда «Төрле,төрле жаңа жыл-2023» атты мерекелік концерті өтті.Жауапты11 сынып,сынып жетекшісі: Баржаксина С С.

30 желтоқсан 11:00 «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігі өтті. Тәрбиешілері: Ашкенова Б.А.,Мушаева Г Г20221230_113405.jpg

2023 –қауіпсіз Жаңа жыл құрметті оқушылар жаңа жылды көтеріңкі- көңіл- күймен отбасында қарсы аламыз.Жаңа жыл мейрамын өткізгенде адамдар  тек қуанышын ғана ойлайды,, мейрам қаншама жас балаларға қуаныш алып келгенімен, келеңсіз жағдайларға да әкеліп соғуы  ғажап емес. Оқушыларға отшашуларды ұстауға, жағуға, шырағдандар, бенгал шамдары сынды жарылғыш заттардан,қымбат бағалы салюттарды алудан бас тартып, өз өміріміздің қауіпсіз болуын ойлайық деп ескертулер  айтылды.

Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін  мектебінде  2022-2023 оқу  жылының  30.01-06.01.2023 ж. аралығында  мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін ұйымдастыру,салауатты өмір салтын насихаттау, рухани адамгершілікке тәрбиелеу  мақсатында  қысқы  каникул кезінде іс-шаралар туралы  жоспар құрылып, іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Қауіпсіз қысқы демалыс» Қысқы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы видео роликтер әзірлеу.

«Жаңа жыл - отбасылық мереке» атты онлайн фотоколлаж

Қыста кітап оқимыз" Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты" қашықтықтан кітап оқу 1-4 сыныптар1.«Жиренше шешен» әңгімелері

2.Г.Мұқышева «Алтын медаль»

Қыста кітап оқимыз 5-9сыныптар

1.М Омарова «Көмбе нанның дәмі»

2.Оралхан Бөкеев «Қар қызы

Қыста кітап оқимыз 10-11сыныптар

1.Ж.Түменбай «Қардағы іздер»

2.Ж.Шаштайұлы «Қызыл қар»

"Бір отбасы- бір кітап"  кітап оқу

Ерте жүктіліктің алдын- алу іс- шарасының ақпаратыМектептің медбикесі: Каримова Б Н,психологі: Сагиденова Л Ө,әлеуметтік педагог: Нубаева Д Е  2022жылдың 9қыркүйек күні  8-10сыныптарың қыздарымен  ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында әңгіме өткізілді.Медбике қызбалалардың дамуы  және ерте жүктіліктің  алдын алу тақырыбында әңгіме өткізіп, қыз балалармен ашық сөйлесіп кеңестерін берді.

Туберкулез ауру –Өкпе сырқаты. Ағзаның бұзылуына бауыр жасушаларының вирустар тудырады әр түрлі Мектеп дәрігері кеңес ақпарат оқушыларға берілді Тәрбие жұмысының орынбасары: Шокаева С Б  слайд көрсетілді,Әңгімеөткізілді, Вирустық гепатит және оны алдын-алу шаралары

31 қаңтардан -11 ақпан аралығында «Ұлттың ұлы- ұстазы» Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына қарсаңына орай мектепшілік іс-шара өткізілген болатын. Мақсаты: Оқушыларды Ахмет Байтұрсынов атамыздың шығармашылығымен, аударған мысалдарымен таныстру, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақынның өмірің оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. .Оқушылардың танымдық деңгейің дамыту.

Жоспарға сай құрылған мектепшілік іс-шараға қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер жұмыла түрде ат салысты, барлығының қосқан үлесі бар, А.Байтұрсыновтың туғанына - 151   жылына байланысты сондай –ақ, сыныптар арасында «Суреттер сыр шертеді» көрмесі ұйымдастырылған болатын, 

 

«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты көркем сайыс өткізілді5-6 сыныптармен өткізген Қазақ тілі мұғалімі Нұрбекова Д Е

 

«Тілбілімініңатасы» Ахмет Байтұрсыновтыңмысалдарынан 4-ші сыныпоқушыларыныңоқығанүзінділерінен фото суреттер

«Ауған жеріндегі аласапыран күндер тақырыбында Ауған соғысы   Мектеп бойынша КСРО әскерлерінің Ауғанстан демократиялық республикасынан шығарылғанына30– жыл толуына байланысты  іс- шара  жоспары  жасалып , мектеп әкімшілігінде  қаралып, бекітілді . Шара бойынша :

-2022 жылдың 13 – ақпан күні мектебімізде «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тақырыптық жиын өткізілді. Жиын,  бойынша жүргізілді. Тақырыптық жиынның басы Қазақстан Республикасының әнұранмен ашылды. Баяндама «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл» тақырыбында жұргізілді. Жиынға жалпы мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және жоғары сынып оқушылары қатысты.

1979 – 1989 жылдар аралығында Ауғанстанда болған соғыстың себебін, кеңестік – американдық келіссөздерінің мазмұны туралы және КСРО – ның Ауғанстан еліне енгізген кеңестік режим, кеңес әскерлерінің техникалары мен қарулары туралы мағұлматтармен, бейнекөріністермен хабардар болды. Сонымен қатар, соғыстың бейбіт халыққа тигізген зардаптарын, қасіретін, зияны т.б. себеп – салдарын да көріп білді. оқушылар өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағаларерлігін үлгі ету,Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге бойынша мәлімет алды.

- Барлық сыныптарда  «Ауғанстан-жүректегі жара»  тақырыбында сынып  сағаттары өткізілді. Сынып сағаттардың  басты мақсаты Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып,оқушыларға түсіндіру және Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа,отанын сүюге тәрбиелеу.

наурыз күні- «Алғыс айту « күні болып жарияланғандықтан мектебімізде«Мың алғыс» атты  көрме, сынып сағаты,»Мен алғыс айтамын» флешмоб  өткізілді. Мақсаты: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділіккке, ізеттілікке тәрбиелеу.шаттық шеңберін құрып бір-біріне «Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге деп жеткізді. «Қазыналы керуен» оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын ұсынды.

«Ана- өмір шуағы»атты аналар мерекесі-не арналған концерттік бағдарлама есебі.Бұл концерттік бағдарламаға бастауыш ортаңғы ,жоғарғы сыныптардағы оқушылардың барлығы түгелдей өте белсенділікпен қатысты. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып аналардың барлығына мерекесін құттықтап шақыру билет арқылы аналардың балаға деген қызығушылығын арттырдық.Оқушылар ең алдымен әдеби көркем сөздерді аналарға тақпақ,ән айтып би билеп, бар өнерлерін аялап мәпелеп өсірген аналарынан аяитын еместігін көрсетті. Олардың қолдарында аналарға арналған,анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды,Аяулы анашым,Мен сені жақсы көремін, деген сөздер бар еді.Барлық оқушылар өздерінің аналарына өз қолдарымен жасап, аналарына өздерінің жүректегі жақсы және жылы сөздерінжазған сыйлықтарын аналарына апарып беріп құттықтады. Аналар , әжелер ,әпкелердің қуаныштарында шек жоқ.Мұнда отырған  көрермендерде ата-аналарда  балаларының көрсеткен өнерлеріне өте көңілді болып ризашылығын білдірді. Сахнада аналар ға арналған слайдтар,сахна әртүрлі шарлармен безедірілген. Мектеп әкімшілігі тарапынан құттықтаулар айтылды.Жауапты  7-сынып, жетекшісі: Нубаева Д Е

Наурыздың 17 жұлдызында   « Армысың Әз наурыз!» атты мерекелік концерт өткізілді.  Халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында, қазақтың ұлттық ойындары : асық ату, арқан тарту, қол күрес, гир көтерілу Мектеп әкімшілігі тарапынан құттықтаулар айтылды.Жауапты  8-сынып, жетекшісі: Нұрбекова Д Т

Қазақтың ұлттық ойындары арқан тарту,қол күрес, гир көтеру өткізілді.

3 сәуір 2023  жылы2-10 сыныптарға " Бізәртүрліміз, бірақбізбіргеміз! 3 сәуір-аутизм мәселесітуралыақпараттытаратукүні". Сыныпсағатыбарысындаоқушылар аутизм ұғымымен, аутизмі бар балалардыңерекшеліктеріментанысты, эксперимент арқылы, мұндайбаланыңқоғамғабейімделуінеқалайкөмектесетінінбілді.

Сәуір аутизм мәселесітуралыақпараттытаратуайыболды.

Айлықшеңберінде жаттығулардыпайдаланаотырыптақырыптық  «Біздің арамыздағы жаңбырлы балалар» сыныпсағаттары, тренинг сағаттарыөткізілді. Соныменқатар «Аутизм. Жаңбырбалалары», «Әлемаутистіңкөзімен», «Бізжайғанабасқамыз» тақырыбындаақпараттықбейнежазбалар мен презентацияларұсынылды.

Айлықтыөткізудіңмақсатыеңалдыменадамдарғабұлаурудыңқиындықтарыжайлытүсінік беру, аутизм бала мен отбасыүшінүкімемесекенін, оныменөмірсүругежәнеқоғамғапайдаәкелугеболатындығынбілугебағытталған. Осы іс-шаралардыдайындаужәнеөткізубілімалушылардыбелсендішығармашылыққажәне аутизм проблемасыныңмаңыздылығынтүсінуге, сондай-ақосындайқиындықтары бар адамдарғадегентолеранттылыққабаулуғамүмкіндікбереді.

Аутистік спектрі бұзылған балаларды қолдау үшін «Көк түспен жақ» акциясы  Көк киім де немесе көк шарлар мен  флешмоб биін биледі1-4 сыныптар

«Көк футболка» спорттық эстафеталар ойнатылды.

«Біз біргеміз» атты суреттер байқауы өтті.

Стендтік ақпарат « Аутизм туралы не білу керек»

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнінің анықтамасы

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені  көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Жоспары құрылып дүйсенбі күні салтанатты сап түзеуде жоспармен таныстырылып.өтетін іс шаралар атап өттім

 «Бірлігіміз жарасқан» атты сурет көрмесі өтті

20230426_101438.jpghttps://af.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg/20230426_101438.jpg?x-email=mektep.seyfullin@bk.ru&rid=84693691357275016214567470822350279498&&id=16826754101758771638%3B0%3B2&project=cloud&x-email=mektep.seyfullin%40bk.ru

Республикалық Әлем халықтарының би флешмобы өтті. Қазақ, украйн,тәжік, сыған өзбек дагестан, үнді билері биленді.

27-сәуір күні «Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені» атты  бірлік сабақтар сынып сағаттары өтті.

28-сәуір күні «Қазақ елі достықтың мекені» атты мерекелік концерт  өтті

7 мамыр – Отан қорғаушы күні,9 Мамыр – Ұлы Жеңіскүніне қатысты өткізілген іс – шаралар жоспары құрылып іс жүзіне асты.

 Мақсаты:Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру,Елбасының қоғамдағы орнын түсіндіру; Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез құлқықтың беки түсуіне ықпал ету, адамгершілікке, ұлтжандыққа тәрбиелеу.

Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі бойынша   2 мамыр аралығында  7- мамыр отан қорғаушылар қарулы күштеріне 31 жылдығынаҰлы Жеңістің 78 жылдығына орай бірқатар іс – шаралар өткізілді.  2 мамыр күні «Ескерткіштерді тазалау  абаттандыру жұмысы жүргізілді.

3 мамыр күні «Еске алу вахтасы» акциясы өтті

 4 мамыр күніЖеңіс күні қарсаңында республика бойынша «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жүргізілді.

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне ер азаматтарды, мектеп жігіттерін құттықтады. Мерекелік концерт қойылды,бейнеролик көрсетілді, «Сарбаздар» әні айтылды, ойындар ойнатылды.

Жеңіс күніне қатысты сынып сағаттары  1-11сыныптарда өткізілді. «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты тақырыпта өткізілді.

5-мамыр « Ұлы Жеңіс жасасын» атты салтанатты сап түзеу өтті, Ескерткішке гүл шоғы қойылды.

26-мамыр «Қош бол даярлығым» атты ертеңгілігі өтті. Даярлық сыныбын 7-оқушы бітірді Сынып жетекшісі: Қыдырменова С Б

      

25 мамыр « Бастауышым-балбұлағым» атты мерекелік концерт өтті.

Бастауыш сыныпты 7-оқушы ірыңғай ұл балалар ән айтылды, «бастауышпен қоштасу вальс»биін биледі, ұстаздарына құттықтауларын алғыстарын жеткізді. Сынып жетекшісі: Сергазинова Г Б

 

31 мамыр күні мектебімізде жаппай  «қасіретті жылдар жаңғырығы» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі өмірі мен қауіпсіздігі туралы  ақпарат, әңгіме, слаид көрсетілді.

 

 

Мектеімізде 1 маусым күні мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мерекесі  өтті. Салтанатты іс-шараға 2023 жылғы мектеп жастүлектерін сынып жетекшілері: Баржаксина С С мен 1- сынып жетекшісі: Дайырбекова Г Б бірге қарсы алдық.   Мектеп бітіруші түлектер 5 оқушы және 1- сынып оқушылары 6 оқушы.Салтанатты іс-шаран құттықтау сөз ашты Мектеп директоры: Болатова А.Ш.сөз берілді.Үздік оқушылар марапатталынды. Мектеп түлектері «Ұстазым»,әнін орындады. «Ұстазға амың алғыс» слайдын тамашалады,9-сынып оқушылары  «вальс» биледі.нМұғалімдерге алғыстарын айтып.құттықтау «Мектеп вальсі»биін биледі ән орындап, мектепке , ұстаздарға деген ыстық ықыласын әсем әнмен жеткізді. Ата-аналар атынан және 1 сынып бүлдіршіндері атынан түлектерге деген көптеген тілектер мен ыстық ықыластар айтылды.

 

 

 

 

 

Мектеп директоры:                                        Болатова А.Ш.

Тәрбие жұмысының орынбасары:               Шокаева С.Б.

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.10.2023 22:15
Құрылған күні: 29.10.2023 22:15

Текст