"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

әлеуметтік педагогтің есебі

«Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2023-2024 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған
жұмысының жылдық есебі.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты: жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, әлемді қабылдауды және оған бейімделуді жүзеге асыруға көмектесу.  Оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау.  Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету. 
Міндеттері:
Оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын, әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деңгейін анықтау.
Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету.
Оқушы-жеке тұлға мен мектептің, отбасы, орта, әлеуметтік қызмет мамандарын, әкімшілік орындарды тікелей байланыстырушы.
Жеке тұлғаның бостандығы мен құқығын жүзеге асыруда, оқушыларды қолдау мен көмек көрсетуде т.б. әлеуметтік қорғау барысында шара қолдану.
Әлеуметтік инициативаны дамытуда, әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған, мерекелік шаралар ұйымдастыру және оларды талдап, бекітуге қатысу.
 Мектепте, отбасыда, және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке тұлғанның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай туғызуына  ықпал ету.
 Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу.
Оқушыларға көмек көрсету  үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының, әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіру.
 
    Әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
     Маусым  айында 2023-2024  жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап,  әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық  жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.
     Жалпыға міндетті оқу қорына құжаттар жинау жұмысы бойынша Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінен 1 отбасы анықталды. Олар аз қамтылған отбасы қатарына жататын Сагындыковтар отбасы.  Отбасында мектепке баратын 2 оқушы бар. Аталған отбасынан жалпы білім беру қорының есебінен берілетін қаржылай көмекке құжаттар жинап тапсырылды. 
Мектепке жол акция барысында тамыз айында 8 балаға ауыл мешітінің  атынан  көмек ретінде мектеп сөмкесімен оқу құралдары берілді.
   2023 жылдың 1 қыркүйегінен 1-4сынып оқушылары  ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. /барлық ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 29/.   Оқушылардың күнделікті тамақ ішуін мектеп медбикесі Б.Н. Каримова және әлеуметтік педагог Д.Е.  Нубаева бақылап отырды. Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып, әр түрлі жағдайына қарай тізімін жасалды. Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жартылай жетім,  толық қамтылмаған балалардың және мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалды. Мектеп бойынша баланың жалпы саны -83. Көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 25 бала, аз қамтылған отбасындағы оқушылар саны 2 бала, жартылай жетім оқушылар саны 5 бала. Мектептің, сыныптың әлеуметтік төлқұжатын жасау. Сыныптар бойынша деректер жинау. 
      24 қазан күні әлеуметтік педагог Д.Е.  Нубаева «Баланың құқықтары туралы Конвенция» тақырыбында 5-10 сынып аралығында тәрбие сағаттары мен түсіндіру жұмыстары өткізілді.      
       1-желтоқсан «Біз салауатты өмірді қолдаймыз»-СПИД ке , наркоманияға қарсымыз атты апталық ұйымдастырылды. Мектебіміздің кітапханашысы Д.Н. Нубаева,  медбике Б.Н. Каримова, мектеп психологы Л.С.Сагиденова, әлеуметтік педагог Д.Е.  Нубаеваның  ұйымдастыруымен 5-10 сыныптар аралығында пікірталас өткізіліп , бейнероликтер көрсетіліп , спид жайлы түсінік берілді.
             2024 жылы қаңтар айынан бастап әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары бойынша , жұмыстар жүргізілді. 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен 29 оқушы  қамтамасыз етілді. Олардың күнделікті тамақ ішуі қадағаланып тұрды. Ай сайын тамақтанудың есебі жасалып, аудандық білім бөліміне жеткізіледі. 
      Мектебімізде «Мен  және отбасым» тақырыбында әр сынып оқушыларының арасында түрлі жұмыстар жүргізілді. Олар мысалы сурет салу, шығарма жазу және әңгімелер айтылды.
            «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» бағытында  іс-шара жоспары жасалынды. Осы бағыт бойынша 20 қаңтар күні
5-10  сынып оқушылар арасында  әңгіме - сұхбат жүргізілді. Онда қаралған мәселелер: 1. «Ата заңымызды ардақтайық» тақырыпта  құқық пәні мұғалімі Д.Ж. Сыздыкаев баяндама оқыса, 2-ші  мәселеде  әлеуметтік педагог Д.Е.  Нубаева «Тәртіп бұзушы және қараусыз жасөспірімдерді жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы тәрбиені жандандыру» тақырыпта бейнебаян көрсетіліп, әңгіме жүргізді. Қатысқаны -35 оқушы. Құқық пәнінің мұғалімі  Д.Ж. Сыздыкаев оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы сөз сөйлеп өтті. Ақпан айында қолайсыз отбасыларды анықтау мақсатында рейд жұмыстары жүргізілді. 9- 10сынып оқушылары арасында мамандық таңдауға байланысты түрлі сауалнамалар жүргізілді.  Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу бойынша жұмыстар  өткізілді. Ақпан айында сабақтан көп қалатын оқушыларды анықтап, сабаққа келмеу себептерін анықтау үшін, мектеп психологымен бірге үйіне барып, ата-анасымен кездесіп, сөйлестік.
         2024 жылдың наурыз айында  «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы», «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» «Қауіпті ойындар»  атты  іс-шаралар өткізілді. 9 -10 сынып оқушыларының  арасында дөңгелек  үстел  өткізілді.  «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыпта 9 сынып жетекшісі Д.Т. Нурбекова «Өз заңым-өз арым» тақырыптарда  заң туралы баяндамалар оқыды. «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» бағытында ата-аналар мен оқушыларға «Болашағымызға байыпты тәрбие берейік» тақырыпта әлеуметтік педагог Д.Е.  Нубаева баяндама оқыды. 
  Сәуір айында салауатты өмір салты бойынша барлық оқушыларға әңгіме жүргізілді. Онда мектептің медбикесі Каримова Б.Н. «Туберкулез» -аса қауіпті індет екенін айтып өтсе, әлеуметтік педагог Д.Е.  Нубаева салауатты өмір салтын сақтау туралы бейнебаян көрсетіп, түсіндіріп өтті.     
   Сынып оқушылармен  «Маған өмір қымбат», «Менің арманым» тақырыптарда тренингтер өткізілді. 8-9 сынып оқушыларынан «Срест  тест» сауалнама алынды.
                Жоспар бойынша сәуір айында бастауыш сынып оқушыларына бастауыш сынып мұғалімдері «Баланы бастан» тақырыбында әңгіме өткізді.
      Мамыр айында жалпы мектепішілік ата аналар жиналысында, содан кейін 5-11 сынып оқушыларымен аудандық кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторымен кездесу өтті. Мамыр   мектеп жанындағы лагерь келетін оқушылардың тізімі анықталды. 
 
 
 
 
 
Әлеуметтік педагог:                         Д.Е.  Нубаева 
Жаңартылған күні: 27.06.2024 19:37
Құрылған күні: 27.06.2024 19:37

Текст