Сейфуллин орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы 1- тоқсандағытәрбие бойынша
атқарылған есебі
Сейфуллин орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында «Рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып,жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру»мақсатында бағытында біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Оқу жылының басында 2020-2021 оқу жылына мақсат, міндеттер айқындалды. Ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді.
Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары 8 бағытты толық қамти отырып, жұмыс жасайды.
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5 .Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Сонымен қатар тәрбиелік іс-шараларға бақылау басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексеріліп, бекітілді. Мектебіміз бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің хатына сай12.08.2020ж№ бұйрығы негізінде 2020 жылдың 10 тамызынан қыркүйектің25 аралығында жаппай біліммен қамту айлығымен «Мектепке жол» акциясы өткізілсін
Биылғы «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді.
Акция мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан Биылғы оқу жылында шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.
2020жылғы 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Акция барысында мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсетілді.
« Мектепке жол» акциясы аясында 1- сыныпқа баратын көпбалалы отбасыларына: Мұтағара Нұрлан, Салпыков Ақылбек ,Сыздыкаев Жұмабай,Жаңбырбаев Берік, жағдайы төмен отбасылары: Сагындыков Алибек. Көбентаева Жания, ЖШС «Гүлдана» демеушілік көмек көрсетті 15000т ақшалай берді. Өз тарапынан мектеп директорының м а Болатова А Ш ЖШС «Гүлдана» фирмасына алғысын білдірді.Осынбай тың бастамалар өткізіліп отырса, оқушылардың оқуға деген ынтасы артып мектебіміз көркейе беретіні сөзсіз
Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиын видеороликпен бастап, 1 қыркүйек Білім күніне арналып мектебімізде «Алтын ұя мектебім!» тақырыбында салтанат видеороликпен өткізілді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 8 бүлдіршіндер 1 сыныпқа қабылданды. Олар мектеп туралы, ұстаздарға арналған өлең тақпақтарын айтып берді.
1-11 сынып жетекшілері «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Қыркүйек айында:-«Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Қазан айында:
-«Ұстаз ұлы тұлға»тақырыбында мерекелік іс-шара,бастауыш сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.«Өз ұстазымды құттықтаймын» тақырыбында видеороликтер жасалынып әлеуметтік желіге салынды