"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал ұрпақ – жарқын болашақ

Адал ұрпақ – жарқын болашақ
Немесе жемқорлар деген кімдер?


Адал ұрпақ тәрбиелеу адал ата-ананың ғана қолынан келеді. Негізінен «адалдық» сөзінің ауқымы үлкен. Нағыз достықты – адал достық, маңдай терімен тапқан ақшасын – адал еңбектің жемісі деп атап жатады. 

Тауып алған нәрсені ұстамастан бұрын да «адалдап алу» деген болады. Абай да «адал жүріп, адал тұр» деп нақыл айтып кеткен. Демек өмірімізде адалдықтың атқарар рөлі өте үлкен деген сөз ғой.

Мен қай жерге барсам да сыбайлас-жемқорларды жамандап, жерден алып, жерге салып жатады. Сөздерін тыңдап отырсам, жер жүзінде олардан жаман, олардан сұм адам қалмайды. Шындығында да солай, сыбайлас-жемқорлықпен айналысатындар – ең сұмпайылар. Барған жерімнің барлығында соларды жамандайтын адамдарды кездестірсем, сонда олардың өздері қайда? Ақ тер, көк тер боп кімдердің былығын тергеуде. Бірақ сол талас тартыстан нәтиже жоқ! Демек шикілік әркімнің өз бойында. Тал бесіктен берілетін тәрбиемен қуаттанатұғын адалдық деген асылын ауызбен ғана жеткізіп, көк қағазды көргенде, арамдақтың қабын ашып жіберетін бар кінә өзімізден екен. Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз да:

«Біреудің мінін көргенше,

Жамандығын тергенше,

Өз бойынды тазалап,

Өз ойыңды мазалап,

Өзіңмен күрес өлгенше!», –

демеп пе еді. Яғни жемқор да біздер сияқты адам, бірақ ол манағы адалдық деген арда қасиеттен жұрдай. Ал біз олардың жолына түспес үшін, бойымыздағы рухани қазынамызды жоғалтпауымыз керек. Өз бойымызда рухани қазына тұрғанда, өзгенің материалдық қазынасына жалтақтауға жол бермейтініміз анық.

Кедей бай болам дейді, бай құдай болам дейді. Бұл адамдардың материалдық жағдайларының әркелкілігінен туындаған мақал. Осы әркелкіліктен сыбайлас-жемқорлық та туындайды. Әр әлеуметік қабаттағы адамдар жоғары сатыға көтеріліу үшін немесе өзінің жеке мәселелерін шешу үшін жоғарыдағы қабатта орналасқандарға пара ұсынады. Әлеуметте баланс бұзылып, әлеуметі төменейді. Ал әлеуметі төмен қоғамы бар мемлекетте даму болмайды. Бір қарқында қатып тұрады не төмен құлдырайды. Парақорлық елдің экономикасын термиттей кеміріп, паразиттей жеп кетеді. Халық деградацияға ұшырап, тек қалталылары ғана эволюциямен көтеріле береді. Сондықтан сыбайлас-жемқорлықпен күресті ең максималды деңгейге шығару қажет. Ой... Сыбайлас-жемқорлықпен күрес деппін ғой. Меніңше, бұл ұғымның атауының өзі қате. Күрес бар жерде жеңіс те бар, жеңіліс те бар. Парақорлармен күресеміз деп жеңіліп қалып жүрмейік. Мен оған «сыбайлас-жемқорлықты болдырмау» деген атау беретін едім. Сонда тек болдырмауға ғана талпынар едік.

Тұрмыстық жемқорлықтың ең көп таралған түрінің бірі – жоғары оқу орнындағы бармақ басты көз қысты әрекеттер. Оңтүстік Африка Республикасындағы Стелленбос универсиетінің қабырғасында ерекше хабарландыру газеті ілінген екен. Оның мәтіні мынандай:

«Кез келген елді құртып жіберу атом бомбасы мен алыс қашықтықты көздейтін зымырандарды талап етпейді. Тек білім сапасын төмендетіп, білім алушылардың емтихандағы құйтырқылықтар жасауына жол беру жетеді.

Науқастар да осындай дәрігерлердің қолынан өледі. Ғимараттар осылай оқыған инженерлердің кесірінен құлайды. Елдің қаржысы да осындай экономистер мен есепшілердің қателігінен желге ұшады. Әділеттілік осындай заңгер мен осындай соттың арқасында жойылады».

Не деген асыл сөздер дерсіз! Саналы адамға әсер етпей қоймайтын шығар. Бұнда сабақты дұрыс оқу жайын айтып тұрғанымен, тереңінде парақорлық туралы да сөз бар екендігін аңғару қиын емес! «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей, еліміздің ертеңін ойласақ ұрпақты АДАЛ болуға тәрбиелейік.

 

Жаңартылған күні: 18.04.2024 14:37
Құрылған күні: 18.04.2024 14:37

Текст