Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 6-12 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық өткізілді. апталықтың іс-шара жоспары бекітілді.Сыныптарда тәрбие сағаттары жоспар бойынша жүргізілді.Атап айтатын болсақ1- 6-сыныптарда «Отбасы –кіші мемлекет» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты:отбасындағы қарым –қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау.Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен5ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Үлкенді үлгі,кішіні мақтан етуге,отбасының бірлігін сақтап,жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.Оқушылардың отбасы туралы түсініктері толық бар екенін анықталды. 1-11-сыныптар «Менің Отбасым менің бақытым»тақырыбында коллаж жасады.1-11 сыныптар арасында «Менің отбасым» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері «Отбасы бақыты-ұлт болашағы» тақырыбында спорттық жарыстар жүргізді.Кітапханашы: Нубаева Д Е «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында көрме ұйымдастырды.Бастауыш сыныптар арасында «Менің бақытты отбасым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.