Текст
Дұрыс тамақтану — баланың өсуі мен жан-жақты дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан аналар сәбилерінің тамақтанулары мен тағамдарға байланысты сұрақтарға баса назар аударады.
Баланы кішкентай кезінде дұрыстап тамақтандырудың пайдасы немесе зияны өсе келе білінеді. Сәби кезде қоректенген тағамдардың себебінен баланың кейінгі жастағы тағамға деген қызығушылығы қалыптасады. Тамақтану дағдысы да маңызды деп саналады.
Баласы ішкен астан зиян көрмес үшін ата-аналардың мұқият болуларын қажет ететін жағдайлар болады. Соларға қатысты бес кеңес туралы айтамыз.