«Бала құқығы- адам құқығы» атты айлық анықтамасы
20қазан-30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат
Мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.
21.10.2021 күні«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік аясында атқарылған іс-шаралар жоспары құрылып, сап түзеуде таныстырылды
26.10.2021күні 9 сыныптар арасында « Бала құқығы- адам құқығы» тақырыбында пікірталас өтті. Оқушылар балалардың құқықтары туралы, заңдар туралы талқылады, пікірталас тартымды өтті. Жауапты: Тәлімгер: Нубаева Д Е
25 .10.-26.10.2021күні 8- 11 сынып ұжымдары, пән мұғалімдері және ата- аналармен бірге «Адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады» тақырыбында лекция оқылды..
10.11.21 күні 5-10 сыныптар арасында «Жаман әдеттен аулақ болайық» атты тренинг өтті. Тренинг 6, 7, 8 сыныптарда толық өтті. Тренингте оқушылардың арасында қарым-қатынасын жақсарту, өз ойларын ашық білдіре алуға үйрету, жаман әдеттің адам өмірінде алған орнын, оның себебін анықтау мақсаты болды.Жауапты: Шокаева С.Б..
Тренингте оқушылар пікір-таласып, ойындар, жағдаяттар, шығармашылық тапсырмалар орындады. Тренингтің соңында рефлексия өтті. Рефлексияның қорытындысы бойынша тренинг 100 пайыз оқушыларға ұнады.
13.11.2020күні «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндіктің қорытындысы шығарылып, БАҚ беттеріне жарияланды. ТЖО
Тәрбие жұмысының орынбасары: Шокаева С Б