"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

кітапхана есебі

Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі                     
                                      Кітапхана жұмысының жылдық есебі
                                                    2023-2024 оқу жылы

Негізгі мақсаты:
Оқушыларды кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Әдебиеттерді оқуға үйрету арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, тілін байытып, білімге деген ізденістерін қалыптастыру. Балалардың кітап оқуға деген ынтасын көтеру, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Кітапханада анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету.

Қыркүйек айында барлық сыныптарға оқулық таратылып берілді.
Жалпы мектеп тарапынан 100% оқулықпен қамтылды. Толық емес отбасылардан, көпбалалы, аз қамтылған балалар оқулықпен 100% қамтылды.
Кітапхана қоры ББК жіктеуімен орналасқан. Кітапханада 105 оқырман кітап алып оқиды. Кітапханада тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылған.
Әр жаңа оқу жылының басында оқырмандарды қайта тіркеу жүргізіледі. Тіркеу номері оқырманның формулярына түсіріледі. Айдың соңында кітапханаға келген оқырман саны есептеледі. Оқырмандарға үнемі қызмет көрсетіледі. Кітап таңдау жағдайында кеңес беріледі.

Мектеп кітапханасының кітап қоры
Кітап қоры – 5717
Оқулықтар – 2486
Көркем, салалы әдебиет – 3231
Электронды оқулық – 58
Оқулықпен қамтылуы – 100%
Оқырмандар саны – 105
Кітапханаға келу саны – 856
Кітап берілімі – 1312

Қыркүйек айында бастауыш сынып оқушыларына «Кітапханаға саяхат» тақырыбында  мектеп кітапханасына саяхат жасалып кітапханамен таныстырылды. Кітапхананың ережесі туралы айтылды. Кітапханада қандай кітаптар бар екендігі айтылды. Негізгі мақсаты: оқу мәдениетін қолдау және дамытуға, рухани мұраны сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
«Жаңа топтама» мектеп кітапхасының қорына келіп түскен көркем әдеби  кітаптардан көрме ұйымдастырылып мектеп оқушыларына таныстырылды. Мақсаты: мектеп оқушыларының кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. 
Тілдер күні мерекесіне орай «Жарық жұлдыздар» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде С.Торайғыров 130 жыл, О. Бөкей  80 жыл, М. Әлімбаев  100 жыл, М. Жұмабаев 130 жыл және де Ш. Құдайбердиевтің   165 жылдығына мәліметтер, өмірі мен шығармашылығынан үзінділер мен кітаптары қойылып көрме ұйымдастырылды. Оқырмандарға шолу жүргізілді.
«Алтайдың асқақ жыршысы» О. Бөкейдің 80 жылдығына арналған виртуалды көрме жасалып оқырмандарға таныстырылды және де мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды.
Қазан айы
«Жарқын жүзді ұстазым» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ұстаз туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Оқуға құштар мектеп аясында бастауыш сынып  оқушыларымен «Әжемнің ертегілері» кітап оқу сағаты жүргізілді. Мақсаты: кітап оқуға, кітап арқылы өзін дамытуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал ету.
Кітап оқу сағаты бойынша бастауыш  сыныптар кітапханаға келіп кітап оқыды.
«Кітап керуені» мектеп кітапхасының қорына келіп түскен көркем әдеби  кітаптардан көрме ұйымдастырылып мектеп оқушыларына таныстырылды. Мақсаты: мектеп оқушыларының кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. 
 25 қазан Республика күніне орай  жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ҚР туралы кітаптар қойылып оқырман қауымына таныстырылып, шолу жүргізілді.
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Мен және менің отбасым» демалыс кезінде отбасы мүшелерімен бірге кітап оқу. Негізгі мақсаты: отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру, оқуға құштар оқырман қалыптастыру, кітап оқуға баулу.
«Кітаптар әлемінде» мектеп кітапханасына келіп түскен жаңа көркем әдебиет оқулықтарымен таныстыру ұйымдастырылды. 
«Менің сүйікті кітабым» ақпараттық сәт бұл жерде оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып берді. 
Қараша айы
Оқулықтардың тазалығын тексеру рейді жүргізілді. 
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күнінде сурет көрмесі жасалды. Оқушылар банкноттардың суреттерін салды.
Кітапхана қорын түгендеу жұмыстары жүргізілді. 
Желтоқсан айы
Тәуелсіздік күні. «Тәуелсіздік ел тірегі білімді ұрпақ» тақырыбында барлық оқырмандар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: Әр халықтың жүрегіне жақын, заманалық мән-мағынасы бар қастерлі де қасиетті мерекесі болады. Сол сияқты қазақ халқының ең басты мерекелерінің бірі – ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік күні екенін түсіндіру. Көрмеде «Қазақстан Республикасының рәміздері», «ҚР Конституциясы», «Қазақтың Ата Заңдары», «Менің Отаным - Қазақстан», «Қазақстан» эциклопедиясы, «Тарихи тұлғалар», «Жетісу», «Қазақстан» фото-альбомы кітаптары орын алған. Көрмеге шолу жүргізілді.
«Салауатты өмір көтеріңкі көңіл!» мектеп медбикесімен бірге пайдалы кеңес сағаты өтті.
Қаңтар айы.
«Қалың қалай оқулық?» рейд жүргізілді. Оқулықтардың тазалығын тексеру әр тоқсан басында өтеді. Оқулықтардың жағдайына байланысты тазалығы тексерілді. Оқушылар сабақ кестесіне сай оқулықтарды толық әкелген. Кітаптар қапталған, таза ұсталған.
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Кітаппен өткен демалыс» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме  жүргізілді. Негізгі мақсаты: кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқу мәдениетіне үйрету. Бастауыш сынып білім алушылары көркем әдеби кітаптармен, сынып оқулықтарымен, балаларға арналған журналдармен таныстырылды. 
«Мақтан тұтар ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» өмір жолы мен еңбегі туралы ақпараттық сағат өткізілді. 
Ақпан айы
«Жырлайды жүрек» М. Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу. ХХ ғасырдың ұлы ақыны М.Мақатаевтың шығармашылық дүниесімен таныстыру сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке, ойын рақты жеткізе білуге, сөздік қорын молайтуға үйрету. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу сағаты 5-9 сынып оқушыларымен Мұхтар Мағауинннің шығармасын оқу ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.
Наурыз айы
1-наурыз “Алғыс білдіру ен асыл сөз” жылы тілек айту челленджі арқылы балалардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. 
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу сағаты 4 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі : Ахметжанова Қ.С. Оқушы саны –8 оқушы. Оқушыларға 20 минут уақыт беріледі, кітаптан оқығанын күнделік дәптеріне жазып отырады. Негізгі мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Cәуір айы
Халықаралық балалар кітабы күніне ата аналармен дөңгелек үстел өткізілді . Балаларға арналған кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: ата аналардың  кітап оқуға деген қызығушылығы арқылы балаға әсер етуі арқылы балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту.
«Ғарышқа түрен салған қыран қазақ» ғарышкерлер күніне арналған кітап көрмесі жасалды. Көрмеге Тоқтар Әубәкіров туралы мәліметтер қойылып, оқырмандарға шолу жүргізілді.
Мамыр айы
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналып барлық оқырмандар үшін «Қазақстан достық мекені» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрмеде ынтымақ, бірлік, халықтар достығы, Қазақстан Республикасы, атамекен туралы кітаптар, газет-журналдар орын алды. Оқырмандар керекті мағлұматтарды кітап көрмесінен алып оқып, пайдаланды.
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыбында барлық оқырмандар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: балаларды адамгершілкке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Ұлы Отан соғысы, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Көрмеде атамекен, қазақ батыры Бауыржан Момышұлы, қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова , Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы , Ұлы Отан соғысының батыры Жүнісбай Қайыпов туралы мәліметтер орын алды.
«Кітап білімнің қайнар көзі» оқулықтармен жұмыс. Оқулықтарды қабылдау, түгендеу жұмыстары. 

 

Жаңартылған күні: 27.06.2024 19:56
Құрылған күні: 27.06.2024 19:56

Текст