"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Онкүндіктің есебі

Сейфуллин орта мектебінде

14 қазаннан 18 қазанға дейін өткен апталықтың есебі

 

Апта алғашқы күнінде ағылшын пәні мұғалімі  «Sport in our life» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты 6 сынып оқушыларымен өткізді.  Сабақта оқушыларды 2 топқа бөлді. Сабақ үстінде АКТ ні мен жұмыс істеді. Соған қарап оқушылар жұмыс істеді. Сөйлем құрау, тест, басқада тапсырмалар арқылы жұмыс істеді. Кері байланыс жасалды. Оқушылар тек ағылшын тілінде сөйлеп белсене қатысты.

 

Екінші күні Сагиденова Г.А  5-9 сынып аралығында «Хэллоуин» атты сынып сағатын  Мәжіліс залында өткізді. Оқушылар боянып ағылшынша сөйлеп, билеп, өлең айтты. Мұғалім жұмбақ, ребус шешу, мақал-мәтел тағы басқа тапсырмалар беріп жұмысты одан әрі қызықтыра түсті.

         8-сынып оқушыларымен қазақ тілі мұғалімі Нұрбекова Д.Т «Бір түрлі мамандық» атты ашық сабақ өткізді. Бұл тақырып расымен де бір түрлі болып бір түрлі мамандықтармен танысты.  Кестемен жүмыс істеді, қалыпты мамандықтармен бір түрлі мамандықтар туралы сөйлесіп ой-пікірлерін айтты. Әртүрлі тапсырмалар беріліп оқушылар қызыға жұмыс істеді. Барлық оқушылар белсене сабаққа қатысты.

 

 

         16 қазан күні Нұрбекова Д.Т «Жасыл экономика» туралы 5-сыныппен сынып сағатын өткізді. Сабақ үстінде түсіндіру, видео қарау болды. Оқушылар өз ойларын баяндады. Оқушылармен сұхбат жүргізілді.

         17 қазан күні Охатова Ж.С «Мы с приятелем друзья» атты ашық сабақты 5-сыныппен өткізді. Сыныпппен лексика-грамматика жағынанда жұмыс жасады. Оқушылар белсене жұмыс жасап, ереже айтып, оө ойларын айтып сабаққа қатысып отырды. Интер белсенді тақтаны қолдана білді. Зарина, Аяулым, Адия, Медина көзге түсіп отырған оқушылардың бірі болды.

         18 қазан күні 3-4 сыныппен Охатова Ж.С «Пословица- всем делаем помощница» сыныптан тыс жұмыстарын өткізді. Сыныптарды топпен бөліп жұмыс жасады, жарысты. Мақал-мәтелдердің әр жағымен жұмыс жасады, мағынасын ашты.

Апталықтың соңғы күнінде Сыздыкаев Д.Ж Д. Бабатайұлы «О Ақтан жас, Ақтан жас» атты ашық сабағын 5-сынып оқушыларымен өткізді. Оқушылар Дулат Бабатайұлының өмірбаянын хранологиялық кестеге салып баядап берді. «О Ақтан жас. Ақтан жас» өлеңі мінерлеп оқылып оқушылар мазмұндап, талдап мәнерлеп жатқа айтты. Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріліп, соның ішінде көзге көрінген оқушылар; Адия, Медина, Әмірхан тағы басқа оқушылар да белсене жұмыс істеді.

        

          

 

Нурбекова Д.Т.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сейфуллин орта мектебі.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 16.01.2020 22:45
Құрылған күні: 16.01.2020 22:45

Текст