«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды.
Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады.
Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Осы Заңның 4-ші бабында: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
«Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап, отыратын қазына»,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі болуы шарт.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт-дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.
Мен еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін өз үлесімді қосамын, аянбай еңбек етемін.
Тіліміздің туын әрқашан жоғары ұстайық!
Бабалардан қалған жалғыз байлығым,
Ана тілім биік туым, айбыным.
Арманға да айырбастай бермейтін.
Тілісің сен ішімдегі қайғының.
Жігіт бірде кедейленер байырда,
Ақ атымды, қанатымды қайырма.
Айырсаңда, қымбаттымнан талай бір,
О, тәңірім, тек тілімнен айырма!
(Тұманбай Молдағалиев)