Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздерді «Тілдер мерекесі күнімен құттықтаймын». Бүгінгі М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінің 6- сынып оқушыларының «Тіл» мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тіл- халықтың жаны» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!
1 жүргізуші : Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! 2-жүргізуші: Армысыздар, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! 1-жүргізуші : Тілім менің-тірлігім Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді-кім? Тілім менің-тілім менің тірлігім!
2-жүргізуші: Ана тілім- тірлігімнің тірегі Тілмен ғана кірер адам реңі Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде, Түсініксіз тылсымменен бір еді. Ана тілім-әрекетім азығы, Бар ғаламды танушылық қазығы, Ой-сананың өсуінің куәсі, Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.
Ән: Атамекен
1-жүргізуші: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.
2-жүргізуші: Ия, Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып жарияланды. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі”- делінген.
Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқына жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің.дей келе келесі кезекті оқушылардың тіл туралы жаттаған өлең -жырларына берсек қабыл алыңыздар.
Лаура: Үш бақытым Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! … Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. Үш бірдей бақытым бар алақанда, Мені мұндай бақытты жаратар ма?! Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Ақсұлтан: Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.
Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!
Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.
Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі
Өзге тілмен араласып жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!
Маржан: Қуатым-ана тілім. Тіл сенің-ең қайратты арыстаның! Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн. Тіл сенің-жүректегі жүйрік елшің, Көк орман,көк арайлы бағыстаның! Тіл сенің-өмірдегі өрнек сырың, Тіл сенің-көмейдегі күміс жырың! Аспаның ,айың,күнің,ауаң,демің, Шат күлкің, тәтті әзілің ,тапқыр сының. Тіл сенің-жігіттік , балалығың, Өмірдегі адамдық даралығың. Тіл сенің-шағын жорғаң шын тайпалар, Сайысса саңлақ сөзде ер байқалар! Жүйрік тіл жүректерді тебірентпесе, Шешен деп, шежіре деп кім айта алар? Ердің құнын бағалар екі ауыз сөз, Ел тағдырын шешіпті өткен біркез. Досқа – бал,дұшпанға- у,қайран тілдің, Достарым,қүдіретін осыдан сез! Тіл сенің-тірліктегі жан ләззатың! Тіл сенің-ар,арманың,махаббатың. Адамдар бар қасиет тіл мен мида, Ұғынсақ , сонда мейір, шапағатын!
Шолпан : Көп ғалымдар қазақ тілін айбарлы тіл деседі Айбарлы тіл әрқашанда күндер санап өседі Абай,Мұхтар,Шәкәрімдер сусындаған ана тіл Дәл қазірде адам төзбес қиын күндер кешеді Дәл қазірде бәсеңдеп тұр ана тілдің айбары Шыбын жанын аманат қып шүберекке байлады Бұны көріп, барлық қазақ өзге тілді игерді Қазақ тілі қорланып,жетімдерше күйге енді.
1-жүргізуші: Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл саясатын да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін жаңғыртатын мүделлі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін , болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз.
2-жүргізуші: Біз бүгін тіл тағдыры – ел тағдыры екенін нақты мойындадық, сондықтанда елімізде ана тіліміздің жан – жақты дамуына бар мүмкіндік жасалуда.Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.
Руслан: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық» Ғабит Мүсірепов
Ақерке: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» Бауыржан Момышұлы
Мейіржан: «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғабит Мүсірепов
Жақсыгүл: «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік» Шерхан Мұртаза
Назым : «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр» Мағжан Жұмабаев
1- жүргізуші: Тіл -халықтың жаны.Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 2-жүргізуші:
Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Тіл мерекесіне орай әр түрлі шаралар мектебімізде өз кезегімен өтіп жатса, біздің сынып оқушылары да қалыс қалар емес.Олай болса сыныбымыздың әдеби-театралдық қойылымды тамашалаңыздар.
Нұрхан: ТІЛ: —-Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім.Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.Мен не көремедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты.Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күдері мен мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды.Өліде ұшбағы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды.Мен жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.
Төле би: Ақсұлтан Жасыма!Уа, халқым! Көсіле шабар жерің бар, Тай көтерген елің бар, Қол бастайтын ерің бар. Атадан қалған сара жолың бар, Сөз қадірін біліңдер!
Нұрхан: ТІЛ: &