Сейфуллин орта мектебінде «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні» айлығында өткізілген іс-шаралар есебі
Саптық жиын
18 ақпаннан- 2 наурыз аралығында2020жылы Сейфуллин орта мектебінде « бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне»мектепшілік жиыннан басталды .Мектеп директоры мектеп ұжымы мен оқушылардың алдында бұл күннің негізгі мақсаты мен міндеттері ,маңыздылығы ,ерекшелігі жайлы ақпаратты баяндады. АӘД оқытушысы бұл күннің жұмыс жоспарымен таныстырды.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында, сондай-ақ төтенше жағдайларда оқушылардың тәртіп дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Азаматтық қорғаныс күні» өткізіледі.
Дәстүрлі түрде «Азаматтық қорғаныс күні» «Жол жүру ережесін біл және сақта», «Өрт қауіпсіздігінің ережелері», «Біздің жергілікті су қоймалары, шомылу ережелері және қауіпсіздік шаралары. Судағы қорғанудың негізгі қолда бар құралдары», «Түрлі төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету», «Климаттық-географиялық жағдайлардың ауысуының адам ағзасына әсері», «Тұрғындарды төтенше жағдайлар салдарынан қорғау бойынша негізгі іс-шаралар», «Азаматтық қорғанысқа 85 жыл» тақырыптары бойынша тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі бойынша сынып сағаттарынан басталды. Сынып сағаттардың тәжірибелік шығымы мектеп фойесінде рәсімделген суреттер, постерлер және кластерлер көрмесі болды.
Мектептегі Азаматтық қорғаныс күніне арналған шаралар жалпы ұжымның эвакуациясымен аяқталды және осы күннің қорытындысын жайлы тәрбие жұмысының орынбасары: Шокаева С.Б. шығарды.
Тәрбие жұмысының орынбасары: Шокаева С.Б.