"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау тарихы

10.04.2019

Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері –16 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230 – 400 мм.

Просмотров: 546

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст