Тіл – халықтың асыл қазынасы, рухани байлығы, елдігіміздің белгісі. Ұлттың ұлы мұрасы – ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілік әрбір азаматтың басты парызы. Осы орайда, Қазақстан халқының тілдер күніне орай мектебімізде 2025 жылдың 5–17 қыркүйек аралығында «Тіл апталығы» ұйымдастырылды. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін насихаттау, үштілділікті дамыту және ұлы тұлғалардың тіл туралы өсиеттерін үлгі ете отырып, жас ұрпақ бойына патриоттық сезім мен ұлттық рухты сіңіру болды.Апталық барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі мазмұндағы іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, салтанатты ашылу рәсімі, интеллектуалды ойын, танымдық тәрбие сағаттары, эссе жазу, челлендж, сыныптан тыс оқырман кеші және ағылшын тіліндегі танымдық шаралар ұйымдастырылды. Әр іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамытуға және туған тіліне деген құрметін оятуға бағытталды.