"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көрісу күні

15.03.2021

Көрісу (Амал мерекесі) – қазақ халқында ежелден келе жатқан, күні бүгінге дейін сақталған дәстүр. Көрісу күнінде адамдар бір-біріне амандасып, жақсылық тілейді, қауышады, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіреді. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Сонымен қатар әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы тоқ жүріп, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

 

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст