Тренинг психологиялық

Тренинг

Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді.

Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді.

 

Тренингтің мақсаты:

 

– өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;

 

– ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;

 

– ойдың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;

 

– қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;

 

– өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;

 

– комуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;

 

– өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;

 

– көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

 

Текст