"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық тренинг

«Менің таңбам»

Міндеттері: әр қатысушы өздерінің бойындағы мақсат, орта,  жетістік, сенім, қасиеттерін өзі ұнатқан фигураларға түсіру арқылы, өз ойын жеткізу арқылы, өз көзқарасын таныту.

Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмар ойлап тапқан.

15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін белгілеген. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Сол таңба арқылы адамда бедел, қасиет, мадаққа ие болған. Қазір әрқайсың өздеріңе таңба жасайсыңдар. Әр топқа 5 түрлі фигура беріледі. Оның артында әр пішінің қасиеттері жазылған. Сол бойынша әр оқушы өз көзқарастарыңды фигураға бес қасиет арқылы көрсетіңдер және оқып беріңдер.

Шарттары:

  1. Алға қойған басты мақсаттарың. (ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек) т.б.
  2. Өздеріңді жақсы сезінетін орта (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы т.б.).
  3. Ең үлкен жетістіктерің. ( үздік оқушы т.б.)
  4. Сенімді үш адам.
  5. Әр оқушының бойындағы жақсы қасиеттер.

Фигураның қасиеттері: 20 минут уақыт беріледі.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.10.2023 13:03
Құрылған күні: 29.10.2023 13:03

Текст