"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Сейфуллин ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Сейфуллино отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

https://www.instagram.com/seifullinortamektebi/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзімізді – өзіміз үшін сақтайық!»

 

«Өзімізді – өзіміз үшін сақтайық!»

(Педагогтарға арналған тренинг
 

Мақсаты:
1. Педагогтардың әріптестері, балалар мен ата-аналар және отбасындағылар арасында маңызды кәсіби қасиеттерін дамыту.

2. Өмірге деген көзқарастарын айқындау, өзін-өзі тиімді бағыттау диапазонын кеңейту.

1. Танысу. «Майлықтар»

Шеңбер бойынша бір қорап майлық (салфетка ) жіберіледі. Жүргізуші, әр қатысушы өзіне керек мөлшерде майлықты алу керектігін айтады. Барлығы алып біткеннен кейін, психолог әр қатысушы алған майлықтарын санап, канша майлық болса, сонша өзінің өмірде болған маңызды оқиғалаарын айтып беруін сұрайды.

2. Топ ережелері.

Біз бүгін белгілі бір уақытты бірге өткіземіз. Сондықтан, мына шеңбер біздің топтың кеңістігі болып табылады. Біздің кеністікте бізден басқа, өзімізбен бірге алып келген ойларымыздан басқа ешкім және ешнәрсе жоқ.

Тренингтегі ойындар мен жаттығулар бір-бірімізді жақынырақ тануымызға көмектеседі. Біздің бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсуіміз тиімді болу үшін келесі ережелерге сүйенуіміз керек.

Олар мынадай:

«Осы жерде және қазір». Өзімізге, біреуге деген көзқарастарымыз өткен шақта емес «Осы жерде және қазір» болуы керкек.

Эмоциялық ашылу принципі. Біз бір-бірімізбен шын көңілде болып, ойымызды ашық түрде айтуымыз керек. Ол дегеніміз, ішіміздегі құпияның бәрін ашып айту емес. Егер де қатысушы белгілі бір жағдайлармен айтқысы келмесе, өз еркі білсін. «Мен бүгін ол туралы айтқым келмейді» десе болғаны.

Мен ережесі. Қатысушы «Менің ойымша, мен солай деп ойлаймын» деп айтуы керек. «Біздің ойымызша, адамдар ойлайды» деп біреудің атынан айтпайды.

Сөйлеп жатқан адамды сыйлау ережесі. Топтағы адам өз ойын айтып жатқан кезде оның сөзін бөлмей тыңдау керек. Айтып болғаннан кейін ғана сұрақ қоюға болады.

Ешкімге айтпау, құпия сақтау ережесі. Топта айтылған сөздер туралы, қозғалған жайлар туралы бөтен адамға айтпау.

Жаңартылған күні: 06.04.2021 18:50
Құрылған күні: 06.04.2021 18:50

Текст